Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: «Бұл қай кезде болады? » өлеңін оқушыларға

мәнерлете оқытып, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын

қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

«Жаз келді» өлеңін мәнерлеп оқыту

Шертті дала сырларын,

Жамыраған жаз келді.

Қанатында тырнаның,

Қалықтаған саз келді.

Жырлап теңіз жырақтан,

Бұрқыратып бу ақты.

Былдыр – былдыр бұлақтан,

Сылдыр-сылдыр су ақты.

ІҮ. Сергіту сәті.

1,2,3- қарлығаш болып ұш. 7,8,9, 10-қарлығаш болып қон.

4,5,6- қарлығаш болып қалқы.

Ү. Дәптермен жұмыс.

118-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

Көктемде мал төлдейді. Жазда егін шығады. Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түседі. Қыста дала ақ қар жамылады.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға жаңа тақырыпты оқыту.

ҮІІ. Қорытынды. 1. Жылдың неше мезгілі бар?

2. Жаз туралы қандай тақпақ білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. 120-жаттығу. Мәнерлеп оқу 133 бет

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

16.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Атаның ақ батасы.

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап,

бекіту.

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін

логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін

дамыту

б) Үлкенді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз тойы өлеңін жаттап келдік пе? - Кім

дайын?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Жақсы, бәріміз өлеңді жаттап айтып бердік. -Ендігі сұрақ сендерге мынадай -Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -мысал келтіреміз - Бас әріптен жазылатын сөздер қандай сөздер кәне , кім айтады?

IV. Мақсат қою кезеңі: - Бүгін біз сендермен өтілген тақырыптарды пысықтауда жаттығулар орындап, қаншалықты түсінгенімізді көрсетеміз