Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

V. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс

114-жаттығу

Сұрақтың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Ұста қашаумен (не істеді?) қашады. Сылақшы қалақпен (не істеді?) сылады. Кранмен жүкті (не істеді?) көтерді.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш бойға жинап күш,

Қолға қалам аламыз, әдемі етіп жазамыз.

115-жаттығу.

1. Сөздерді оқыңдар. Жаса, жина, сыз, сөйле, тасы

2. Берілген үлгі бойынша сұраққа тиісті жауап жазыңдар.

Үлгі: не істеді? Не істейді?

Жасады Жасайды

Өлеңді жаттап алыңдар. Наурыз тойы

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді-салтымыз:

«Көгерсін!» деп халқымыз

Көшеге тал егеді Ә.Табылдиев.

Наурызда қандай игі істер атқарылады? Наурыз тойы туралы әңгімелеңдер.

VII.Бекіту кезеңі: Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшеліктерін паш ету.

VIII. Үйге тапсырма. Наурыз тойы өлеңін жаттау 129-130 бет.

ІХ. Бағалау.

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады.

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап,

бекіту.

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін

логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін

дамыту

б) Үлкенді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз тойы өлеңін жаттап келдік пе? - Кім дайын?

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру.

Бұл қай кезде болады?

Қар, мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай – салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Гүл, бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

ІҮ. Дәптермен жұмыс.

116-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар.

Қозылар ойнақтады. Жаңбыр жауды.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

117-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып жаз.

Ұшақ ұшты. Кеме жүзді. Аю ақырды. Қорадағы мал үрікті.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға өлеңді кезекпен мәнерлетіп оқыту.

Ү. Қорытынды. 1. Өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген?

2. Қимылды білдіретін сөздерге мысалдар келтіріңдер?

ҮІ. Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқу 131-132 бет.

ҮІІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

15.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Жаз келді

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіру

ә) Оқушылардың жаз мезгілі тақырыбы барысында

логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық

қабілетін дамыту

б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, парақшалар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру