Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдап, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы не білеміз? -Қандай сұрақтарға жауап береді? Анықтаманы сұраймын.

IV. Мақсат қою кезеңі: -Ережені жақсылап жаттап алған екенбіз ендеше келесі тапсырма жаттығуларға берейік.

V. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.

111-жаттығу. 1. Әр сөйлемдегі сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.

1. тақтайды, кесті, Ержан.

2. Нұржан, сүргіледі, тақтайды.

3.Шеге, қақты, Мақсұт

2. заттың атын білдіретін сөздер мен қимылын білдіретін сөздерді қосып оқыңдар.

Өлеңді түсініп оқыңдар: Ұлыстың ұлы күнінде

«Оң болсын,-деп, -ұлысың!»

Төс түйісіп көрісер.

Көжедегі ырысын

Көпшілікпен бөлісер

Мәтіндегі тілек сөздерді жаттап алыңдар.

Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

VI.Жаңа материалды пысықтау: 112-жаттығу.

1. Мәтінді түсініп оқыңдар. Немере

2. Заттың қимылын білдіретін сөздерді атаңдар.

3. Әжесі жайында жазылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

VII.Бекіту кезеңі: Заттың қимылы, заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар

келтіріп ойын ойнату.

VIII. Үйге тапсырма. 113-жаттығу. Мәнерлеп оқу 128 бет.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

14.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз тойы

Сабақтың мақсаты: а) Наурыз мерекесі , оның тарихы туралы түсініктерін

қалыптастыру

ә) Оқушылардың наурыз мерекесі тақырыбы барысында

логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық

қабілетін дамыту

б) Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, паш етуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, парақшалар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз мерекесі қай кезден тойланады? -Наурыз мерекесінде ел-жұрт бір-бірімен қалай амандасады? -Қандай ақ тілектер айтылады?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, наурыз мерекесінің ең басты асы не? -Дұрыс, Наурыз көже.

IV. Мақсат қою кезеңі: -Балалар, Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде тойланады?

-Басқа мерекелерден ерекшелігі неде?