Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

III.Бекіту кезеңі : Диктант. Көктем келді

Көктем басталды. Күн жылынды. Жер көгерді. Жеміс ағаштары гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Егіншілер егін себу жұмыстарына кірісті. Малшылар қыстаудан көктеуге көше бастайды. Олар көктеуде мал төлдетеді.

Тапсырма:

1.Не? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

2.Кімдер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

ІҮ. Қорытынды.

Ү. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

12.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Наурыз-жыл басы

Сабақтың мақсаты: а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін

пысықтау

ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау

қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту

б) заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін

пысықтай отырып, наурыз, жыл санау , жыл аттарын

білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық, жыл аттарының күнтізбесі суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген жаттығуды талдап, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

-Балалар, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы не білеміз?

-Қандай сұрақтарға жауап береді? Анықтаманы сұраймын.

IV. Мақсат қою кезеңі -Ережені жақсылап жаттап алған екенбіз ендеше келесі тапсырма жаттығуларға берейік.

V. Жаңа сабақ -1. Өлеңді жаттап алыңдар. Наурыз- жыл басы

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Талма , именіп ділмардан. С.Мұқанов

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

2. Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін және атын білдіреді.

3. жыл аттарын көшіріп жазыңдар. Жыл аттары: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

А) Биыл қай жыл?

Ә) Сен қай жылы туғансың?

VI.Бекіту кезеңі. Заттың қимылы, заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар

келтіріп ойын ойнату.

VII. Үйге тапсырма. Жаттау 125 бет.

ҮІІІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

13.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ұлыстың ұлы күнінде. Наурыз көже

Сабақтың мақсаты: а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін

пысықтау

ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау

қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту

б) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін

пысықтай отырып, наурыз мерекесінің тойлануы туралы

үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндір