Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

V. Жаңа сабақ.

Дәптермен жұмыс .

97 –жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар. Сөйлем соңына тыныс белгісін қойыңдар.

Сара, көмектесті, апасына; жуды, қол орамалдарды: сыпырды,еденді: көмекші , ол кішкентай.2.Неше сөйлем жаздыңдар?3. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?

VI.Жаңа материалды пысықтау:

1.Мәтінді мәнерлеп оқу. Көмірдің кереметі.

2.Көмірдің қандай пайдасы бар екен?

3. тағы қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?

4. Өзің тұратын жерде не өндіріледі?

V. Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді

VII.Бекіту кезеңі: Өз бетімен жұмыс.

1-нұсқа. Сөйлемдерден кім?кімдер? не?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып , астын сыз.

2-нұсқа

1.Көп нүктенің орнына заттың атын білдіретін сөздерді жаз.

2. Сол сөздерге сұрақ қой.

3-нұсқа

1. мамандықты білдіретін сөздер

2. туыстықты білдіретін сөздер

3. Жануарлар

4. Заттар.

Жазған сөздерге сұрақ қою.

VIII. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап келу.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

07.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Менің атым- Қожа . Жер-Ана

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға бас әріптен басталып жазылатын сөздер

туралы түсінік беру.

ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау

қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту

б) Адам, жер-су аттарының бас әріптен басталып

жазылатыны туралы біле отырып оны дұрыс

пайдалануға үйрету , табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі : оқулық, суреттер, ереже жазылған плакат.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ

қойылады? Кім сұрағы және не? сұрағы қай кезде қойылады?- Кім айтады?

III. Жаңа сабақ. Кісінің аты-жөні, бас әріптен басталып жазылады: Серік, Айгүл, Ысмағұлұлы.

Дәптермен жұмыс. 98 жаттығу. Мәтінді оқу.

Менің атым-Қожа.Кісінің аты-жөнінің бірінші әрпі қандай әріппен жазылғанын айтыңдар.

99-жаттығу 1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

- Сенің атың кім? Менің атым-... Сенің аты-жөнің кім? - Менің аты-жөнім...

2. жазған кісі аттарын атаңдар.

3. Сөйлемнің соңына тыныс белгісін қойыңдар?

Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, Қызығына қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

IV.Жаңа материалды пысықтау: Мәтінді мәнерлеп түсініп оқу.Жер-Ана.

V.Бекіту кезеңі: 1. Қария Бейбітке не айтты?

2. Бейбіт неге таңғалды?

3.Анасы оған не айтты?

4. «Жер-анамыз» дейтін себебіміз неліктен?

VI. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап келу.

ҮІІ. Бағалау.

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Екі соқа.

Сабақтың мақсаты: а) Бас әріптен басталып жазылатын ережені еске ұстай

отырып , жұмыс барысында пайдалануға баулу.

ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау

қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту

б) Еңбек етуге талпындыру, сыныпта бір-біріне көмектесуге,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, ереже.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.