Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

19. Сабақтың тақырыбы: п дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. П дыбысы және әрпімен таныстыру. 2.Адамгершілік тәрбие бере отырып, сауаттылқа баулу 3.Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: П әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, П-тану.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру.Естеріне түсіру.Хормен оқыту. Жеке –жеке оқыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Суреттер көрсету.ә) П дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын тапқызу.

Піл , парта, пенал,дәптер кітап, б) П-ны хормен айтқызу.в) –п қандай дыбыс?

-П сөздің қай жерінде кездесті? г) П дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

П п-баспа түрі. -жазба түрі. ғ) П әрпін 3 рет хормен оқу.д) П дыбысына байланысты буынды, сөзді оқыту.Та ата Па апа Сергіту сәтін өткізу. е) П дыбысына қатысты сөз ойлату. ё) Сөйлем құрату.

в) Дәптермен жұмыс.

П- ның бас әрпі. 1 Ауада жазып үйрену.

п- ның кіші әрпі. 2 Дәптерге жазу.

Ү. Білімді бекіту: П дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?

Піл, парта, пенал, дәптер, кітап сөздерін буынға бөлгізу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз қандай әріпті танып білдік?

20.Сабақтың тақырыбы: п дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. П дыбысы және туралы алған білімін пысықтау. 2. Дүние танымын қалыптастыр 3. Ой-өрісін дамыту, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру.Естеріне түсіру.Хормен оқыту Жеке –жеке оқыту

ІҮ. Жаңа сабақ. а) Түсіндіру. ә) П а,т әріптерінің орнын ауыстырса, буын өзгереді.Па а-па,ат,ат-па Та а-та ап-та ат-па б) Сурет бойынша сөйлем құрату. в) П дыбысына қатысты сөз ойлау, буынға бөлгізу.Сергіту сәтін өткізу. Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.

Ү. білімді бекіту, тиянақтау. Та, па қандай буын?Апа, апта, атпа сөздерін тақтаға жазғызу.г) Дәптермен жұмыс.П әрпіне берілгенді дәптеріне жазғызу. Сергіту сәті.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз қандай әріпті танып білдік? Не істеуге үйрендік?

21. Сабақтың тақырыбы: н дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Н дыбысы және әрпін түсіндіру. Н әрпін дұрыс жазуға үйрету.

2. Еңбек ету дағдысын қалыптастыру. 3. Ой-өрісін дамыту, сөздін қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру: Естеріне түсіру, хормен оқыту,жеке –жеке оқыту

ІҮ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру. ә) Суретер көрсету арқылы н дыбысына қатысты сөздерді атау.б) Сурет бойынша сөйлем құрату. в) Н дыбысына қатысты сөз ойлау, буынға бөлгізу.

Сергіту сәтін өткізу. Хормен оқыту.П П п На,па та ана,апа,ата а а а нан Жеке-жеке оқыту.

Ү. білімді бекіту, тиянақтау. Та па на қандай буын? Өткен әріптерге қатысты сөздерді тақтаға жазғызу. (Кеспе әріп)г) Дәптермен жұмыс. Н әрпіне берілгенді дәптеріне жазғызу. Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?