Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: Оқушылардан «Апама» өлеңін жатқа сұрап, сұрақтар

қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Жақсы көрем апамды,

Жүрем ылғи бірге еріп,

Тауға мені апарды,

Талай қайттық гүл теріп.

Алтын апам ол менің,

Мені жақсы көреді.

Үйретеді өлеңін,

Ертегі айтып береді.

ІҮ. Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Ү. Дәптермен жұмыс.

95-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

Көктем туды. Жаңбыр жиі жауды. Балалар доп ойнады. Мал өріске шықты. Малшылар көктеуде отыр. Егіншілер егін екті.

96-жаттығу. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.

Кім?

Жұмысшы, әже, аға, инженер, мұғалім.

Не?

Сүт, уыз, ірімшік.

ҮІ. Қорытынды. Ардақты адам кім?

Үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесің?

ҮІІ. Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқу 108 бет. «Менің анам» әңгіме жазу.

ҮІІІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

06.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білідретін сөздер.Көмірдің кереметтері.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер бойынша алған

білімдерін пысықтау, көмірдің кереметі туралы түсінік

беру

ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау

қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту

б) Табиғатты сүюге , оның пайдалы қазыналарының пайдасы

мен сырын аша білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, сурет, көмір, микроскоп

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: «Менің анам » тақырыбындағы жазған

әңгімелерін,өлеңді мәнерлетіп оқытып, сұрақтар қою

арқылы үй жұмысын қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Балалар кім, не деген сұрақтар заттың несін білдіреді?-Біз кім? сұрағын кімге қоямыз?-Не сұрағын қашан қоямыз?

IV. Мақсат қою кезеңі:-Ендеше осы анықтамаларды бір еске түсірейікші- Кім айтады?