Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: «Бәйшешек» өлеңін оқушылардан жатқа сұрау.

Суреттерді бағалап, үй жұмысын қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезең. Парақшалар үлестіру.Берілген тапсырмалар мен сұрақтар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

ІҮ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Алғаш рет күркіреп,

Ағыл – тегіл жауса күн,

Қырға шығар дүркіреп,

Көктем басы – жауқазын.

Ызғар әлі кеткен жоқ,

Қырлар әлі кепкен жоқ.

Жауқазындар көкпеңбек,

Көбейе бер көктем боп.

Сергіту сәті.

Ойнап футбол, теннисті, Мектептегі ең күшті,

Шынығамыз толамыз. Спортшылар боламыз

Ү. Дәптермен жұмыс. Сөздік диктантын жүргізу.

Өздері білетін гүлдердің суретін салу.

ҮІ. Қорытынды. Көктем айларын атаңдар?

Көктемде өсетін гүлдерді атаңдар?

ҮІІ. Үйге тапсырма. Жаттау 104 бет.

ҮІІІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

04.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.Апама.Анаға сыйлаймыз.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды 8-наурыз аналар мерекесі туралы өлеңдермен

таныстыру.

ә) Сөйлеу тілдерін, есте сақтау,қабілеттерін дамыту сөздік

қорларын молайту.

б)Ананы сыйлауға,қадірлеуге , тыңдауға , әдемілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, кесте.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Өлеңді мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау

салған суреттерін тексеру, 91-жаттығуды тексеру,

ережелерді сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі«Саңырауқұлақтар жинау» ойынын ойнату арқылы білімдерін пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі-Біз бүгін 8-наурыз аналар мерекесі туралы біліп, «Апама», «Анаға сыйлаймыз» өлеңдерімен танысамыз.Заттың атын білдіретін сөздер туралы тереңірек білу мақсатында жаттығулар орындаймыз.

V. Жаңа сабақ. Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінікті бір қайталап өту.Жыл мезгілдері туралы сұрау, атау.

Дәптермен жұмыс.

92-жаттығу. Көктем мезгілі туралы әңгімелеу.Мәтінді оқыту.Көктем ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазу.Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызғызу.

Қар еріді. Күн жылынды. Көктем болды. Күн ұзарып, түн қысқарды. Ағаштар бүршік жарды. Жылы жаққа кеткен құстар қайта келді. Мал көкке жайылатын болды.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

93- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

Туыстықты білдіретін сөздер: ата, әже, апа, қарындас, нағашы.

Кәсіп иесін білдіретін сөздер: шопан, тракторшы, дәрігер.

Ал енді сендерге жаттап алып аналар мерекесінде айтсын деп «Апама», «Анаға сыйлаймыз» өлеңдері беріліпті.Ендеше сол өлеңдерді тыңдайық.Өлеңдерді мәнерлеп оқып беру.Түсіндіру, өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.

VI.Жаңа материалды пысықтау: Шағын тест жүргізу.Өйткені заттың атын білдіретін сөздер туралы соңғы сабақ болғандықтан тест арқылы білімдерін тексеру.

VII.Бекіту кезеңі: Қосымша тапсырмалар орындату.

VIII.Үйге тапсырма. «Апама» өлеңін жаттау . Аналар мерекесіне құттықтау жасау.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

05.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Жақсы көрем. Заттың атын білідретін сөздер.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер бойынша

алған білімдерін пысықтау, көмірдің кереметі туралы

түсінік беру.

ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау

қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту

б) Үлкенді сыйлай білуге, кішіге қамқор бола білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру