Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Сауысқан мен көкек ертегісі туралы түсінгендерін

сұрау. Суреттерді бағалау. 88-жаттығуды оқыта

отырып тексеру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезең. Парақшалар үлестіру.Берілген тапсырмалар мен сұрақтар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

IV. Мақсат қою кезеңі:-Біз бүгін Көктемнің алғашқы жаршысы «Бәйшешек» туралы білетін боламыз. Кім? кімдер? Не Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы білетін боласыңдар?

V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

89-жаттығу. Сұрақтарға жауап беру.

Машинаны кім жүргізеді? Жүргізуші.

Көмірді кім қазады? Шахтер

Электрді кім жөндейді? –Монтер. Түсінік беріп өту.

Кім?Кімдер? сдеген сұрақтар адамға байланысты қойылады:аға,ат,ұшқыш,

Не?Нелер? деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады.Тоқылдақ, қайың, машиналар.

90-жаттығу. Заттың атын білдіретін сөздерді атаңдар.Оқыту арқылы түсіндіру.Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу.

Сергіту сәті.

1, 2, 3- қарлығаш болып ұш.

4, 5, 6- қарлығаш болып қалқы.

7, 8, 9, 10- қарлығаш болып қон.

Қазір қай мезгіл? Көктем

Көктемде қандай өзгерістер болады? Қар ериді,бүршік жарады, жер көктейді.т.б.

Ал ендеше осы көктемде бізге көктемнің алғашқы хабарын жеткізетін бәйшешек деген гүл өседі екен. Осы гүл туралы жазылған Н.Әлімқұловтың өлеңімен танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Түсіндіру.Осы гүлден басқа қандай гүлдер түрлерін білесіңдер?

91-жаттығу. Көп нүктенің орнына кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазыңдар.

Кітап-кітаптар үй-үйлер

Машина-машиналар оқушы-оқушылар

Бала-балалар орындық-орындықтар

VI.Жаңа материалды пысықтау. Қосымша әр түрлі тапсырмалар орындату.

VII.Бекіту кезеңі. Сөздік диктант жазғызу.

VIII.Үйге тапсырма. Жаттау 103-104 бет.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

02.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Жауқазын.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы

түсініктерін кеңейту.Көктемнің алғашқы гүлдері

жауқазынмен таныстырып, өлеңдерді оқып беру.

ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін дамыту,

сөздік қорларын молайту,есте сақтау қабілетін арттыру

б) Әдемілікке, қамқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық, гүлдердің суреті, кесте.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын