Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

III.Бекіту кезеңі : Мазмұндама.

Жоспары:

1.Айдар нешінші сыныпта оқиды?

2.Күшігінің аты

3.Күтіп отырды

4.Далаға ойнайды

5.Сақ күшік

Жолбарыс

Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Жолбарыс деген күшігі бар. Ол күнде сабақтан соң есіктің алдында күтіп отырды. Кешкісін Айдар екеуі далаға шығып ойнады. Жолбарыс бөтен адамға үреді.

ІҮ. Қорытынды.

Ү. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

27.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік

беру.І.Жансүгіровтың өмірбаяны мен өлеңдерімен

таныстыру

ә) Сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорын, есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

б) Тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке , әдемі жазуға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық, суреттер І.Жангүровтың суреті,

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әнұранды жатқа сұрау

2.Ережелерді жатқа сұрау

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Тест сұрақтары

арқылы білімдерін тексеру.

IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін «Заттың атын білдіретін сөздермен» танысамыз.Оларға қандай сұрақтар қойылатынын білеміз.І.Жансүгіров туралы мағлұмат алып, өлеңімен танысамыз.

V. Жаңа сабақ:Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік беру -мынау не?

-Парта -Мынау кім?- Мынау не?Заттың атын білдіретін сөздерге кім?не? сұрақтары қойылады.Жанды мысалы: адамдарға кім? Жансыз заттарға не? Деген сұрақтар қойылады.

Дәптермен жұмыс.

82-жаттығу Сөздерді оқу.Әрқайсысына ауызша сұрақ қойғызу.

Аю-не? Бүркіт-не? Сүт-не? Тігінші-кім? Ұшқыш-кім?

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

83-жаттығу Кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді суретке қарап тапқызу.Әр сөзге сұрақ қойғызу.Көп нүктенің орнына заттардың атын жазғызу.

Кім? Не?

Бала, Әсем ит

Асқар күшік , тау

Оқушыларға көктем мезгілі туралы әңгімелеу.Оқушылардың өздеріне әңгімелету.

І.Жансүгіровтың суретін көрсетіп, өмірбаяны туралы мағлұмат беру, мазмұнын түсіндіру.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Сөздік диктант. Кім?не? сұрақтары бойынша екі бағанға бөлініп жазғызу.

VII.Бекіту кезеңі:«Кім тез?» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.

VIII.Үйге тапсырма. «Жазғұтырым» өлеңін жаттап келу. 84-жаттығу

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

28.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.Құстарым келіңдер

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы

түсініктерін кеңейту.Қ.Ыдырысовтың өлеңімен таныстыру

ә) Ойлау, сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.

б) Тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке , адамгершілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі : оқулық, суреттер, Қ.Ыдырысовтың суреті,

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойын