Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:1. Жаңылтпашты жатқа сұрау

2. «Елтаңба» өлеңін жатқа сұрау

3. Ережелер сұрау

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Гүл жинау» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру.

IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін сөзде дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы туралы білетін боламыз, және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен танысамыз. Әнұран авторларымен де таныс боламыз.

V. Жаңа сабақ. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса ,ондағы дауыссыз дыбыстар да жіңішке болып айтылады. Мысалы: өзен, темір, сәбіз, түйме.

Дәптермен жұмыс.

80-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыту.Дауыссыз дыбыстары жіңішке айтылған сөздерді тауып, көшіріп жазу.

Міне, сенің мектебің, зейін, тентегім.

Сергіту сәті.

Кел балалар ойнайық, Теріп алып жемістерді,

Тектен-текке тұрмайық Жолдастарға сыйлайық.

81-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыту.Дауыссыз дыбыстар қай сөзде жіңішке айтылғандықтарын салыстыру.

жол сан таң тамыр орын тары

жел сән тең темір ерін тері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен таныстыру. Өлеңнің сөзін оқып беру, сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Әнін жазғандар: Ш.Қалдаяқов. Өлең шумақтарын талдап, түсінік беру. Әнұранды орындау.

VI.Жаңа материалды пысықтау:«Кім көп айтады?» ойыны арқылы жаңа материалды меңгергенін тексеру.

VII.Бекіту кезеңі:«Сәбіз» тақырыбында диктант жаздыру.Дауыссыздары жуан айтылған сөздердің астын бір рет, дауыссыздары жіңішке айтылған сөздердің астын екі рет сызғызу.

VIII.Үйге тапсырма. 1.Әнұранды жаттау

2.Ережелерді қайталау.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

26.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін

пысықтап, бекіту.

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау

қабілетін логикалық ойын,сөздік қорын,

шығармашылық қабілетін дамыту

б) Өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрету, таза

жазуға, түйінді сөздер жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:мазмұндама жинағы

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,