Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

«тез айт» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру

IV. Мақсат қою кезеңі:Тасымалдауға келмейтін сөздер туралы білесіңдер.Тұманбай Молдағалиевтуралы біліп, «Біздің ту» өлеңімен танысамыз және туды кім жасаған, яғни тудың авторы Шәкен Ниязбеков туралы білетін боламыз.

V. Жаңа сабақ:Қазақ тілінде кейде жазып келе жатқанда тасымалдауға болмайтын сөздер де кездеседі.мысалы:1.Бір буынды сөздер2.Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер

3.Тасымалданбайтын екі буынды сөздерОндай сөздерді ешқашан да тасымалдауға болмайды.Оларды тұтастай жазу керек.Енді осыны тереңірек түсіну үшін жаттығулар орындаймыз.76-жаттығу Өлеңді оқыту, өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жазу.Тасымалданбайтын сөздерді тапқызу.Бір буынды сөздердің астын бір,бір буыны бар екі буынды сөздердің астын екі сызу керек.

Бар менің мысығым

Көрсең оның пысығын

Қақпақылдап ойнайды

Ол әжемнің ұршығын

Сөздерді қалай тасымалдайды?Бір буыны бар сөздердің тасымалданбау себебінсұрау.77-жаттығу Тасымалдауға болмайтын екі буынды сөздерді буынға бөліп оқыту

Әдеби мәтін тапсымасымен жұмыс тудың суретін көрсету, авторы Шәкен Ниязбеков .Ту туралы қысқаша әңгімелеп беру.

Біздің бүгінгі танысатын өлеңіміздіңаты «Біздің ту» авторы Тұманбай Молдағалиев.Автор туралы қысқаша мағламат бере келіп, өлеңді мәнерлеп оқып кезекпен өлеңді оқыту

VI.Жаңа материалды пысықтау:

Сұрақтар қою арқылы білімдерін пысықтау.

VII.Бекіту кезеңі:1.Сөздік диктант.2.Тасымалдауға келмейтін сөздердің астын сызғызу.

VIII.Үйге тапсырма, бағалау:«Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқуТасымалданбайтын сөздер туралы біліп, есте сақтап келу.Оқушы белсенділіктерін бағалау.

50сабақ. Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы. Елтаңба

Сабақтың мақсаты: а) сөздегі дауыссыздардың жуан айтылуы туралы түсінік беру.Дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту.Әдеби мәтін бойынша түсінік беру. ә) сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайтуб) үлкенді тыңдауға, достыққа, адамгершілікке тәрибелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: елтаңбаның суреті,автордың суреті, кесте

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:1. «Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқыту2. Тасымалданбайтын сөздер туралы сұрау3. Авторлар туралы сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Тест жұмысын жүргізу

IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін дауыссыздар сөзде қай кезде жуан айтылатыны туралы білеміз және Т.Молдағалиевтың «Елтаңба» өлеңімен танысамыз.Елтаңба авторы кім екеніні білетін боламыз.

V. Жаңа сабақ:Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болып айтылады.Кестемен жұмыс. Жаттығулар орындату78-жаттығу. Өлеңді оқыту.Дауыссыз дыбыстары жуан айтылған сөздерді тапқызу79-жаттығу Жаңылтпашты жаттату.

Ақ матадан ақ мақта ақ па?

Ақ мақтадан ақ мата ақ па?

Сөздердегі дауысты жуан және дауыссыз дыбыстарды атап, олардың біркелкі жуан айтылғанын байқатуӘдеби мәтін тапсырмасымен жұмысЕлтаңбаны көрсетіп, ол туралы қысқаша әңгімелеу.Авторлары Шота АманУалиханов, Жандарбек Мәлібеков туралы түсінік беру.Өлеңді мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Карточкаларға жауап беру, тапсырмалар орындату арқылы жаңа материалдарды меңгергенін тексеру.

VII.Бекіту кезеңі«Әдеп» тақырыбында диктант жаздыру

VIII.Үйге тапсырма, бағалау1.Жаңылтпашты жаттау 2«Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқу

3Ережелер жаттау4Белсенділіктеріне қарай оқушыларды бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

25.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы. Әнұран

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сөздегі дауыссыздардың жіңішке айтылуы

туралы түсінік беру.Әнұран туралы түсінік беру.

ә) Сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорын, есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

б) Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрибелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, әнұран суреті.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойын