Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

V. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 72-жаттығу

Сөздердің буын санын анықтату.Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазғызу.Бес буынды сөздердің төрт түрлі тасымалданатынын байқату.

Құрылысшылар Теміржолшылар Кітаптарымыз дәптерлеріміз .

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу. «Қазақстан-Республикам менің» өлеңін оқып беру, түсіндіру.Дихан Әбілов туралы мағлұмат беру.Өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.

VI.Жаңа материалды пысықтау:-Тасымал дегеніміз не?- Мысалдар ойлап айтқызу

VII.Бекіту кезеңі. Сөздік диктант жазғызу.Сөздерді тасымалдап жазыңдар.

VIII.Үйге тапсырма. 73-жаттығу. Мәнерлеп оқу 86 бет.

ІХ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Тасымал.Қазақстан картасы. Мақал.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың тасымал туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту.Е.Өтетілеуовтың «Қазақстан картасы»өлеңімен таныстыру.Мақал жаттау.ә) есте сақтау, ойлау, өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту. б) тазалыққа, ұқыптылыққа, елін сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Қазақстан картасы, кесте

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:73- жаттығудыорындағандарын тексеру.2.«Қазақстан-Республикам менің» өлеңін мәнерлеп оқыту3. Ережелер сұрау

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Жеміс жинау»ойынын ойнату арқылы сабақ алған білімдерін жан-жақты тексеру.

IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін «Қазақстан картасы өлеңімен танысып, Ермек Өтетілеу туралы мағлұмат аламыз.Тасымал туралы түсінікті кеңейту мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз

V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмысТасымал туралы түсінгендерін сұрай келе жаттығулар орындату. 74-жаттығу Сөздерді оқыту , й әрпінен басталған буындарды тапқызу.Сөз бөлігін и әрпінен бастап тасымалдату.Жай-йылым, тү-йе, қа-йық, сү-йек, ме- йірімді Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу.Ермек Өтетілеу туралы мағлұмат бере келе «Қазақстан картасы» өлеңімен таныстыру.Өлеңді оқып беру, түсіндіру.Картадан қала-да көрсету.Өлеңді мәнерлеп кезекпен оқыту.Жер аттарын дәптерлеріне жаздырып, естеріне сақтату.Өздерінің облыстары туралы әңгімелету.Ж.Жабаевтың «Елім менің жерге бай,

Айдынды шалқар көлге бай» мазмұнының мағнасын түсіндіріп, жаттату.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Сұрақтар жазылған карточкалар үлестіріп беріп, сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материал бойынша меңгергендерін тексеру.

VII.Бекіту кезеңі:Мына өлеңдегі даланың, ұлымын сөздерін тасымалдап жаздыру арқылы білімдерін бекіту.

Мен даланың ұлымын

Жас түлектің бірімен

Көкірегін аймалап

Көктеп шыққан гүлімін

VIII.Үйге тапсырма, бағалау:1.«Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқу 2.75-жаттығу 3. Өлеңдегі жер аттарын жаттау

48сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Біздің ту

Сабақтың мақсаты:а) Оқушылардың тасымал туралы түсініктерін кеңейту,тасымалдауға болмайтын сөздермен таныстыру, әдеби мәтін бойынша түсінік беру ә) есте сақтау, ойлау, қабілеттерін дамыту. б) тазалыққа, қамқорлыққа,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:тудың сурет,автордың суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:1. «Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқыту2. 75-жаттығуды тексеру 3. Өлеңдегі жер аттарын жатқа айту, картадан көрсету.