Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдап, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Жалпы тасымал, буын

бойынша ережелерді пысықтау, мысалдар келтіру

IV. Мақсат қою кезеңі.-Біз сендермен одан әрі тасымал бойынша берілген

тапсырмаларды орындаймыз.

V. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс

69-жаттығу. Сөздердің тасымалдануын жазыңдар.

1.Те-ле-ди-дар, те-ледидар, теле-дидар, теледи-дар.

2.Кі-тап-ха-на , кі-тапхана, кітап-хана, кітапха-на.

70-жаттығу. 1.Сөздерді оқыңдар.Жиналыс, жұлдыздар, музыка, жіңішке.

2. Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар.

Үлгі: Му-зы-ка, му-зыка , музы-ка

3. Үш буынды сөздердің екі түрлі тасымалданатынын байқаңдар.

Жи-налыс, жина-лыс. Жұлдыз-дар, жұл-дыздар. Жіңіш-ке, жі-ңішке.

Сергіту сәті.

Көжегім тұршы, Айнаға қарашы, Сабағыңа баршы,

Беті-қолыңды жушы. Шашыңды тарашы. Кілең бестік алшы.

VI.Жаңа материалды пысықтау.Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.Отан

Өлеңді мәнерлеп мұғалім өзі оқып, талдап береді.

VII.Бекіту кезеңі: Өлеңді талдау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Жаттау 83-84 бет. 71-жаттығу.

ІХ. Бағалау.

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Қазақстан Республикам менің

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Д.Әбіловтың өлеңі туралы түсінік

беру.Тасымал туралы түсініктерін кеңейту мақсатында

жаттығулар орындату

ә) Сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік

қорларын молайту

б) Ұқыптылыққа, тазалыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, мақалдар.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Сабақтың жүру барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін, ынта-

жігерлерін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау:«Отан» өлеңін оқушылардан жатқа сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Кім

жылдам?»ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру.

IV. Мақсат қою кезеңі.Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз- тасымал.Яғни өткен сабақта алған тасымал туралы білімдерімізді кеңейтейік.Дихан Әбіловтың «Қазақстан-Республикам менің» өлеңімен танысамыз.