Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Төзім» мәтіні не туралы?Аяулыға мінездеме беріп көрелік, Гүлданаға мінездеме берейік.Әжесі ертегіні тыңдау үшін не қажет деді?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Буын, оған мысалдар келтіру.

IV. Мақсат қою кезеңі.-Балалар, үш дауыссыз қатар келетін сөздерді буынға бөліп көрейікші? Мысалы: құмырсқа, жұмыртқа,т.б.

V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Дәптермен жұмыс.

65-жаттығу. 1.Кестедегі сөздерді буынға бөліп оқыңдар.Буынға бөлу үлгісі : й,ң,удыбыстарынан басталатын буындар: Қа-йық ,ойыншық, қайың, мойын.

2.Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

3. й,ң,у дыбыстарының екі дауыстының ортасында келгенін байқаңдар.

Ереже. й,ң,у екі дауыстының ортасында келсе, екінші буынның басында айтылады: қа-йық, жа-ңа, та-уық.

Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, 1,2,3,4 деп санаймын,

Балапандар жүр шулап. Қызығына қараймын.

66-жаттығу. 1. Төмендегі бір буынды сөздерді оқыңдар?

Ай, ат,ақ,ән,ін,үй,оң,он,сүт,қаз,жаз,көл,көз,сөз, доп, шөп

  1. Бір буынды сөздердің дыбыстық құрамын атаңдар .Бұл сөздер буынға бөлінбейді.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Мәтінді түсініп оқыңдар? Оқымысты бала Мұғалім оқып береді.Сосын оқушылардың өздеріне тізбектей оқытады.

VII.Бекіту кезеңі. 1. Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?

2. Баласы не деп жауап берді?

3. Бала қандай жағдайға душар болды?

4. «Оқымысты» баланың бұл қылығын қалай түсінесіңдер?

VIII. Үйге тапсырма. Мазмұнын айту 78-79 бет.

ІХ. Бағалау:

Бекітемін:_______ Ана тілі

20.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Сен бақытты ұлансың.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға тасымал тақырыбы туралы түсінік беріп ,

буынмен ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсінік

беру

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау,ойлау

қабілетін,сөздік қорын дамыту

б) Оқуға, еңбек етуге, үлкендерге көмектесіп жәрдемдесуге,

шынығуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, сурет, мақалдар жиынтығы

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Оқымысты» бала туралы түсінгендерін сұрап

білімдерін пысықтау.

IІІ. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз сендермен буын туралы түсіндік , ендігі өтетініміз тасымал. Аты да айтып тұрғандай тасымал жолға сыймай қалғанда тамысалдау.

ЕРЕЖЕ. Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң қысқа сызықша (дефис) қойылады: қа-лам, дәп-тер, кө-гершін.

V. Жаңа сабақ. 67-жаттығу

1.Сөздерді буынға бөліп жазыңдар?

Қарағай, ұшқыштар, автобус, дөңгелек.

2. Буынға бөлінген сөздерді үлгі бойынша қысқа сызықшамен бөліп жазыңдар

Үлгі: қа-ра-ғай,қа-рағай,қара-ғай. Ережені хормен оқу.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

68-жаттығу 1.Сөздерді оқыңдар.

Кезекші, шағала, қарындаш,терезе.

2. Сөздердің бір не бірнеше буынын келесі жазу жолына тасымалдап жазыңдар

Үлгі: ке-зек-ші, кезек-ші, ке-зекші

VI.Жаңа материалды пысықтау. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Анаң –күнің, жүрегің,

Әкең–өмір тірегің.

Сен–бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең–асыл ардағың,

Атаң–дана қорғаның.

Сен–бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

VII.Бекіту кезеңі:Мақалдар

1. Қыз-қуыршақ

Бала-құлыншақ

2.Қыз өссе- елдің көркі

Гүл өссе-жердің көркі

VIII. Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқу 81 бет.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

21.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Тасымал.Отан.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға тасымал тақырыбы бойынша алған білімдерін

пысықтау.

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау,ойлау

қабілетін,сөздік қорын дамыту

б) Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, Отанын,

елін жерін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, сурет, мақалдар жиынтығы

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап,