Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

17. Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1.Тт дыбысы және әрпімен таныстыра отырып,білімдерін қалыптастыру.2. Зерек, байқағыш, алғырлыққа баулу 3. Ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Т тәрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, Тт -тану.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ .Жаңа білімді меңгерту:а) Сурет бойынша әңгіме.- Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?-Тау, тауық, таға, торсық, тарақ.-Қане,осы сөздердің бірінші дыбысын байқайық.-Қандай дыбыс естіліп тұр? -Хормен айтып көрелік.-Қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс.-Оны қайдан білдіңдер? -Созылмайды?-Т дыбысының тағы да қандай ерекшілігі бар? -Т қатаң дыбыс? ә) Тт- дыбысының баспа,,жазба әріп таңбасымен таныстыру.Сергіту сәтін өткізу. б) Сөздерді буынға бөлгізу. Та-уық, а-та, та-ға, тор-сық, та-рақ. Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.Ата деген сөзде неше буын бар? -Екі буын бар.Екінші буынды атаңдар? -та (3 рет оқу) Та буынының алдына а-ны қосып оқыңдар? -Ата

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.-Балалар, Т дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде келеді? Дәптермен жұмыс.

А- ның бас әрпі. 1 Ауада жазып үйрену.

А- ның кіші әрпі. 2 Дәптерге жазу.

Ү. Білімді бекіту: - Балалар,Тт әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады. -дыбысына қатысты бірнеше сөз ойлайық.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Тт әрпі ж/е дыбысымен таныстық

18. Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Тт дыбысы және әрпі туралы алған білімін тереңдете отырып, пысықтау. 2. Ата салтымыздың кейбір элементтерін үйрете отырып, адамгершілік тәрбие беру.3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Тт әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, Т-тану.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білімдерін тексеру:-Т т дыбысы қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс.

-Оны қайдан білдіңдер? -Созылмайды?-Тт әрпі сөздің қай жерінде жазылады?

-Басында, ортасында, аяғында. -Тт дыбысының тағы да қандай ерекшілігі бар? -Тт қатаң дауыссыз дыбыс?

ІҮ. Жаңа сабақ.а) - Суреттен кімді және нені көріп тұрсыңдар?- Баланы, атаны, қызды,ананы көріп тұрмыз. -Ал сендердің ата әкелерің бар ма?

Суреттегі адамдарға ат қояйық.ә) Сурет бойынша әңгіме құрату

Сергіту сәті.б) Буынды оқуға үйрету. Та, ата, ата, ат Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.-Ата деген сөзде неше буын бар?Ата-т д/з дыбыс, а д/ы дыбыс. Та-ашық буын.

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. 1. Тт дыбысынан басталатын сөз ойлау. 2. Ойлаған сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.3. -Балалар, Тт дыбысы қандай дыбыс? 4. -Сөздің қай жерінде келеді?в) Дәптермен жұмыс.

Т- ның бас әрпі. 1 Ауада жазып үйрену.

т- ның кіші әрпі. 2 Дәптерге жазу.

Ү. Білімді бекіту: - Балалар, Т әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Т әрпі және дыбысы туралы не білдік?