Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

VI.Жаңа материалды пысықтау:

Мәтінді түсініп оқыңдар. Бөрік.

VII.Бекіту кезеңі. 1.Нұрмаш әкесінің бөркін не үшін кигісі келді?

2.Әкесінің бөркін киген Нұрмашты сипаттаңдар?

Бекбай атай неліктен бөрікке тіл қатты?

3.Өзіңнен үлкендерге ұқсағың келе ме?Неліктен?

VIII. Үйге тапсырма. Мазмұнын айту 72 бет.

ІХ.Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

18.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Буын.Төзім

Сабақтың мақсаты: а) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтай

отырып, төзім, ықылас туралы түсініктерін қалыптастыру.

ә) Оқушылардың сабақ барысында ойлау қабілетін,сөздік

қорын дамыту

б) Төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Балалар , Бөрік әңгімесінде Бекбай атай неге бөрікке тіл

қатты?Әңгіменің мазмұнын кім маған айтып береді.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Қолғаптың сыңарын

тап» ойыны арқылы буынға бөлінген сөздердің буынын тап.

IV. Мақсат қою кезеңі:-Буынға бөлінетін сөздерге мысал келтірейік ?

V. Жаңа сабақ. Дәптермен жұмыс.

62-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

Ай-на, ар-лы, ой-лы, қа-ла, жи-ен.

Ар-ман, ұс-таз, ұр-пақ.

Пи-яз, тұ-яқ.

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш бойға жинап күш,

Қолға қалам аламыз, әдемі етіп жазамыз.

63-жаттығу.

Жең-ге, жез-де, сің-лі.

Бал-дыз, жег-жат, жұм-бақ, құр-мет.

А-ян, ұ-ят, ұ-ял.

Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар.Екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздерді атаңдар.

VI.Жаңа материалды пысықтау. Мәтінді толықтай оқып, түсіндіру.Төзім

VII.Бекіту кезеңі:1. Аяулы ертегіні неліктен тыңдай алмады?

2.Гүлдана ертегіні қалай тыңдады?

3. Аяулы Гүлданаға неге таңғалды?

4.Әже ертегіні тыңдау үшін Аяулыға не қажет деді?

VIII. Үйге тапсырма. Мазмұндау 75-76 бет. 64-жаттығу.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

19.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Буын. Оқымысты бала.

Сабақтың мақсаты: а) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау,

ә) Оқушылардың сабақ барысында ойлау қабілетін,сөздік

қорын дамыту

б) Оқуға, еңбек етуге, үлкендерге көмектесіп жәрдемдесуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.