Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге қандай тапсырма берілді?Біз бір-бірімізбен қалай

амандасамыз, қане көрсетейік.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Дауысты, дауыссыз

дыбыстар туралы түсініктерін пысықтау

IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Буын » туралы болмақ. Буын

дегеніміз не?- Қане кім айтады?

V. Жаңа сабақ. Ереже. Сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады: от, ба-ла.

58-жаттығу. 1. Сөздерді буынға бөліп оқу.

Апа, әже, ата,көке, шеше, нағашы,жиен.

Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атау.

Суретке қарап әңгіме құрап көрейік? -Ата және әже.Бала әжеге қалай көмектесіп жатыр?-Дұрыс, жолдан өтуіне көмектесіп жатыр.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

59-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқыңдар.

1.Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал

2.Күнніңшуағы жылы,

Ананың құшағы жылы.

Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар?

VI. Жаңа материалды пысықтау:

Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді

  • Не деп барып , жеу керек?

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу, айқай

Сен де шықтың ,көршіңді

Қағып кеттің байқамай

  • Мұндайда не деу керек?

Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол

  • Жөн еді не айтқаның?

VII.Бекіту кезеңі:-Балалар, өлеңдегі сауалдарға жауап беріп көрейікші- Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?

Дәптермен жұмыс.

Мақалдар

  1. «Сіз» деген- әдеп,

«Біз» деген- көмек.

  1. Әдепті бала

Ата –анасын мақтатар

Әдепсіз бала

Ата-анасын қақсатар

VIII. Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқу 69-70 бет

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

16.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Тымақ. Буын.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға буын туралы алған білімдерін пысықтау.

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік

қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту

б) Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Балалар, «Не деу керек?» өлеңін кім мәнерлеп оқып

береді? Берілген сұраққа толық жауап береміз.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.Ережені еске түсіреміз

Буын дегеніміз не?Енді мына сөздердің буындарын «Қолғаптың сыңарын тап» ойыны арқылы табамыз. Ал-ма, ба-ла, о-рақ, қа-лам.

IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз сендермен «буын» туралы ержені қайталай

отырып білімімізді пысықтайық.

V. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

60-жаттығу. 1. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар?

ара қала аю а-ра қа-ла

2. Төмендегі берілген сөздерді буынға бөліп, бағандағы көрсетілген тиісті сөздердің астына жазыңдар.

Бала, оқы, ою, екі, шеге, ұя, жина, ию.

3.Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар.Дауыссыздардың буын басында келгеніні байқаңдар.

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

61-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

Ұлан, бауыр, сая.

Мына сөздерді буынға бөліп, бағандағы көрсетілген тиісті сөздердің астына жазыңдар?

Атай, қайын, тыю, бесік, ағай, баю, әжей, сая, туған.

3.Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар. Буындағы дыбыстардың орналасу ретін аңғарыңдар.