Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

V. Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

53-жаттығу. 1.Көп нүктенің орнына берілген жуан дауыстылардың жіңішке сыңарларын тауып жазу.

Жуан дауыстылар:а,о, ы, ұ

Жіңішке дауыстылар: ..., ...., ...., .....,

2.Жуан және жіңішке дауыстыларға қатысты сөздар тауып айту.

54-жаттығу. Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу.

VI. Жаңа материалды пысықтау:Өлеңді оқу

О, қорқайын мен неге?

Нағашы атасы:

-Шам жақпаған үйде сен

Қалмайды дейді.

Қараңғы бөлмеге кір десе,

Бармайды дейді.

Осы рас па?

Жиені:

-О, қорқайын мен неге?

Нанбасаңыз,

Сол қараңғы бөлмеге

Менімен бірге жүріңіз

Менімен бірге кіріңіз

Нағашы атасы:

-Мен жаңылып айтып жатыр екем ғой.

Менің жиенім батыр екен ғой... М. Әлімбаев

VII. Бекіту кезеңі:1.Өлеңді оқу барысында әрбір сөйлемнің, сондай-ақ екі кісі

сөзінің-диалогтің дауыс ырғағын сақтаңдар.

2.Өлеңді талдап қосымша сұрақтар қою.

VIII. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып келу 63-64 бет.

«Нағашы ата» туралы әңгіме жазу.

ІХ. Бағалау.

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Көрші атам. Сәлем бере білейік.

Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін

пысықтау

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік

қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту

б) Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс

амандасуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап,

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін, ынта

жігерлерін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.Балалар, өткен

сабақта қандай тақырып өткен едік? Кім маған

айтады?Дұрыс, дайын болсақ , сабақ айтамыз.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Балалар, осы нағашы ата деген кім?-Дұрыс мамамыздың әкесі.-Кім өз нағашы атасы туралы айтып береді?

IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз үлкен аталармен амандасқан кезде ұлдар не деп амандасамыз?.- Балалар, осы Сөз атасы –сәлем деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?-Үлкен апалармен амандасқанда қалай амандасамыз?- Көрші аталарыңмен, апаларыңмен қалай амандасасыңдар?

V. Жаңа сабақ. Бүгінгі өтетін жаңа тақырыпта «Көрші атам»деп аталады.

Күнде үйінің қасынан

Көрші атамды көремін

Жүгіріп кеп асыға

Оған сәлем беремін

Қолымды ол күліп кеп,

Иіліп тұрып алады

-Міне нағыз жігіт!- деп,

Сүйсініп бір алады

(Көрініс ретінде)

Сәлем бере білейік

-Ассалаумағалайкум!-«Алланың нұры жаусын!»

- Уағалайкумассалам!- «Өзіңізге де соны тілеймін!»

Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?

М. Жаманбалиев

Дәптермен жұмыс.

56-жаттығу. Көбелек, бөгелек сөздерінің жазылуын біліп алыңдар.

Жаңбыр жауар себелеп,

Жолға шығар көбелек.

Гүлге қогар көбелек,

Атқа қонар бөгелек.

Сергіту сәті.

Тік ұста бойыңды, Соз қолыңды тағы да,

Жоғары ұста бойыңды. Жеткіз керік бойына.

V .Жаңа материалды пысықтау:-Ал енді бір-бірімізбен амандасып

көрейікші.Сыныптастармен.

VI. Бекіту кезеңі. Бүгінгі сабақта нені үйрендік?

VII. Үйге тапсырма. 57-жаттығу. Мәнерлеп оқу 63-64 бет.

ҮІІІ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

15.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Не деу керек? Буын

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға буын туралы түсініктерді қалыптастыру

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік

қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту

б)Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс

амандасуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.