Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

V. Жаңа сабақ.

50-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Д... рігер ауруға д...рі берді. 2....скер күзетте тұр.

3. Әбішұлы Әріп-т..ртіпті, ұқыпты оқушы. Әріп д..птерлерін таза ұстайды.

4. Әсем с...нді киініп жүреді.

  1. Ә жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?Дыбысталу ерекшеліктерін байқаңдар.

51-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыңдар.

От-өт ор-өр он-өн оң-өң тол-төл қол-көл

тоқ-төк тор-төр тос-төс

2. Сөз жұптарындағы о, ө дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау.

3. Сөздерді жуан, жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атаңдар.

Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық.

Оқулықпен жұмыс.

«Көкемнің ақылы» өлеңін мәнерлеп оқып әке тілегін теріп оқып, мәнін түсіну.

VI. Жаңа материалды пысықтау. Жуан-жіңішке жұп дауысты дыбыстарға

мысалдар келтіру.

VII. Бекіту кезеңі.Көкемнің ақылы өлеңін оқып талдау.Тізбектей оқыту.

VIII. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып келу 61 бет.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

14.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: О, қорқайын мен неге? Ы-І.

Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін

пысықтау,нағашы ата туралы түсініктерін қалыптастыру

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік

қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту

б) Үлкен кісіні сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап,

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Көкемнің ақылы» өлеңін оқушыларға мәнерлете

оқытып, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын

қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.мДауысты және

дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты

дыбыстарды талдаймыз.

V. Жаңа сабақ. Оқулығымыздың 62 бетіне қарайық.Өлеңді жаттап алыңдар.

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де. С.Мәуленов

52-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Өркен ерте тұрды.Ол т... сегін жинады.Апасы қ...ра сыпырып жүр екен.Өркен күрек алды.Ол апасына к... мектесті.

  1. О, ө дыбыстары бар сөздердің астын сызыңдар.