Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу.

II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

IV. Мақсат қою кезеңі:Балалар мәтінді оқиық. Мәтін Әке мен бала туралы

болмақ.

V. Жаңа сабақ. Мұғалім мәтінді өзі оқып береді.

1.Әңгімедегі әке мен баланың іс-әрекетін кім маған сипаттап береді?

2. Әкесі тағаны баласына неліктен алдырғысы келді?

3. Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?

4. Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?

5. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

VI. Жаңа материалды пысықтау. Әке мен баланың іс-әрекетін суреттеу.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

49-жаттығу 1. Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқыңдар.

Ар- әр аз -әз дау-дәу сал -сәл

Ал -әл дал- дәл сат -сәт сан -сән

Дәптермен жұмыс. Мақалдар.

1.Еріншек екі істер.

2.Еріншектің ертеңі бітпес.

VII. Бекіту кезеңі. Балалардың «Әке мен бала» мәтінінен түсініктерін талдау.Әке

мен балаға сипаттама беру.

VIII. Үйге тапсырма. Мазмұнын айту 57-58 бет.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

13.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Көкемнің ақылы. О-Ө.

Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін

пысықтау, мамандықтар туралы түсінік беру.

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік

қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту

б) Әр мамандықтың пайдасы туралы айта отырып , әр

мамандық иесін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік,сұрақ-жауап,

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу, зейіндерін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Әке мен бала» мәтіні бойынша оқушылардан

мазмұнын сұрап, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын

қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау.

IV. Мақсат қою кезең:-Балалар , бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты дыбыстар туралы алған білімімізді пысықтаймыз.