Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

V. Жаңа материалды пысықтау.

Дәптермен жұмыс.40-жаттығу . Өлеңді оқып жуан айтылған сөздерді теріп дәптерге жазу.

Маған, қолғап, қой, қалпақ

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Оқулықпен жұмыс

(Тақтаға әр түліктің суретін іліп, олардың төлдерін қалай атайтынын сұрай отырып, өлеңмен таныстыру.) Өлеңді тізбектей оқыту.

Малды құрметтеу қажет екені туралы түсінік

VI.Жаңа сабақты қорыту. Төрт түлік мал туралы білген болсақ , ендеше олардың төлдерін топтастырайық.

Vіі. Бекіту: Схема пайдалану.

VIII. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып келу 44-45 бет.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

31.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Әлди-әлди. Шаңырақ шуағы.

Сабақтың мақсаты: а) Ананың әлдиі, әже өлеңдеріне түсінік беру

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын,

сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту

б) Әжені құрметтегу, ананы аялауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, әже, отбасы суреті.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың

сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын

сабаққа аудару.

II. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, ұйықтар алдында аналарың сендерге бесік жырын айтады ма? - Қандай өлең жырларын білесіңдер?-Аналар туралы не айтамыз?Анамызға қалай көмектесеміз?- Ендеше бүгінгі өтетін жаңа тақырып «Аналарға» арналады.

III. Жаңа сабақ.

Оқулығымызға қарайық,Әлди -әлди

Әлди,әлди,ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама ,бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Жілігіңнің басына

Үкі тағып берейін

2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар жуан ба, жіңішке ме?

Ереже: сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: дәптер,терезе, киік, өзен, күрек.

Суретке қарап әңгіме құрастыру . Шаңырақ шуағы

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

IV. Жаңа материалды пысықтау. Әже туарлы әңгіме құрастыру.

V. Бекіту кезеңі. Әже, ана туралы өз ойларын айтқызу

VI. Үйге тапсырма. Оқу 45 бет.

ҮІІ. Бағалау.

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Құттықтаймын, мама, туған күніңмен.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіру

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік

қорын дамыту

б) Әжені құрметтегу, ананы аялауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, отбасы сурет.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: т.сіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: музыка