Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Жіңішке дауыстылар: ә, е,ө, і, ү.

35-жаттығу 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Мен даланың ұланымын

Жас тұүлектің бірімін

Көкірегін аймалап,

Көктеп шыққан гүлімін

Мен сүйемін даланы

Дәнге толы алабы С.Жиенбаев

  1. Сөздерден ә, е, ө, і, ү әріптерін оқып , олардың жіңішке болып дыбысталуын аңғарыңдар.

Дәптермен жұмыс.

36-жаттығу. Жаңылтпаш.

Қойымыз семіз,

Қозымыз егіз.

Өзіңіз келіп,

Көрсеңіз дейміз.

V. Жаңа материалды пысықтау. Ойын ретінде «Төлдердің енесін тап».

Өлеңді түсініп оқып, оқушыларға тізбектей оқыту.

2. Құрамында жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді атау.

VI.Жаңа сабақты қорыту. 1.Малды күту үшін не істеу керек?

2.Малдарды бұрыннан ата-бабаларымыз қалай

қастерлеген?

3. Оқушылар: «малды бастан теппе» деген нақыл сөзді

қалай түсінесіңдер?

VII. Бекіту. Төрт түлік иелерін ата?

VIII.Үйге тапсырма. «Төлдер» өлеңін мәнерлеп оқу..

ІХ.Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

26.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Әнші төлдер.Бөрте лақ.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата білуге

Үйрету

ә) Оқушылардың жаттығулар орындау арқылы ойлау

қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б) Оқушыларды төрт түлік малды қастарлей білуге, қорғауға,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық, қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа

дайындау, оқу құралдарын алу.

Үй тапсырмасын тексеру:–Үйге қандай тапсырам берілді?-Үйге берілген

тапсырманы кім оқып , талдап береді?

III. Мақсат қою кезеңі: -Балалар, біз сендермен қандай төрт түлік малдармен таныс

болдық,кім айтады?

IV. Жаңа сабақ:-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Әнші төлдер», «Бөрте лақ» әңгімесі мен өлеңді оқи отырып, жіңішке дауысты дыбыстарды табамыз.

1. Ешкі қандай жануар?

2. Ешкінің төлін қалай атайды? Мәтінді тізбектетіп оқытамын. Түсінгендерін

сұрақ қою арқылы мәтінді талдатамын.

V. Жаңа материалды пысықтау. Бөрте лақ.Лақ қай малдың төлі?

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма, шырағым.

Секектеме , деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

«Мәә-мәә» деген әні бар, «Мөө-мөө» деген әні бар,

Жібек тоны – сәні бар: Үй маңынан табылар.

Қошақаным момақан, Мөңірегіш бұзауым–

Сүйкімді бір жануар. Маған үйір жануар.