Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

14. Сабақтың тақырыбы: Төлдер Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: 1. Малдың төлдерінің аталуы туралы айту 2. Балалардың малдар туралы түсініктерін дамыту 3. Оқушыларды малды дұрыс күтуге, қастерлеуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілік төрт түлік мал төлдерінің суреті

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау Өтілген тапсырмалар бойынша лаған білімдерін пысықтауда қосымша сұрақтар қою.

ІҮ. Жаңа сабақ

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Төлдер». Төлдер дегеніміз не? Малдар балаларын қалай шақырады? Төрт түлік мал туралы түсінік беру. Малдың пайдасы туралы айту

Оқулықпен жұмыс: Сурет бойынша әңгімелеу, сұрақ-жауап ,қандай малдың төлін көріп тұрмыз, сиырдың төлі не?-бұзау

Дәптермен жұмыс: Жазу үлгісі жазу бойынша жазу элементтерін жазу.

Ү. Сабақты бекіту Ойын «Төлдердің енесін тап»

ҮІ Сабақты қорыту:Сонымен біз бүгін не туралы өттік? Ойын сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ.Бағалау.

Әліппе кезеңі

15. Сабақтың тақырыбы: а дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1.А дыбысы және әрпімен таныстыру.А әрпі барлық буындарда жазылатынын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Танымдылық қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: А әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, А-таныстыру.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сурет бойынша әңгіме. ә) А дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, а дыбысын дұрыс айтуға үйрету. б) А дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.(баспа және жазба түрі).А- бас әрпі, а-кіші әрпі. в) Хормен дыбыстап айту. г) Алма, алмұрт. Анар сөзін буынға бөлгізу. ғ) Осы сөздерді айта отырып, а дыбысының сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын аңғарту.

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. -Балалар, А дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде келеді? Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс.

А- ның бас әрпі. 1. Ауада жазып үйрену.

А- ның кіші әрпі. 2. Дәптерге жазу.

Ү. Білімді бекіту:

А- дауысты дыбыс. А-әрпі сөздің барлық буынында жазылады.

Оқушы туралы өлең жаттау

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

ҮІ .Сабақты қорытындылау:А әрпі және дыбысымен таныстық.

16. Сабақтың тақырыбы: а дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: а)оқушыларды А дыбысы мен әрпімен тапсыру.А дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау .ә) оқушылардың сөздерді дыбыстық талдау жасау арқылы алған білімдерін дамыта түсу б) оқушыларды реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, ойын

Пайдаланылатын көрнекіліктер: түрлі суреттер, таблица

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға қажетті құралдарын алғызып, кабинетті сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау. Қосымша сұрақтар қою арқылы білімдерін пысықтау.

ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау Ертегі кейіпкерлері қонақта.Солардың әкелген сұрақтарына шолу жасап , жауап беріп көрейік.

ІҮ. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс.Суретте не көріп тұрмыз: Оларды жалпы не деп атауға болады? Жеміс-жидектер.Енді суреттерге қарай отырып, буынға бөліп көрейік.

Ү. Жаңа сабақты бекіту Дәптермен жұмыс

ҮІ. Сабақты қорыту «Кім жылдам?» кәрзеңкенің біреуіне көкөніс, біріне жеміс-жидек саламыз. Кім шатаспай орындаса топ жеңіске жетеді.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау