Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа

дайындау, оқу құралдарын алу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . Үйге қандай тапсырма берілді? -Үйге берілген

тапсырманы кім оқып , талдап береді?

III. Мақсат қою кезеңі -Балалар біз сіздермен дауысты дыбыстарды еске

түсірейікші? -Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Жіңішке дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады? -Жуан дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады? -Кім атап береді?

IV. Жаңа сабақ . -Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Қой.Қозы. 1.Қой қандай жануар, мінездеме берейікші? 2. Қойдың төлін не деп атайды? 3. Қойдың қандай пайдасы бар.Оның терісінен, не алынады? 4.Қой туралы өлеңдер білеміз бе?

V. Жаңа материалды пысықтау.

Оқулықпен жұмыс,дәптермен жұмыс.

38-39 беттерде 1.Мәтінді түсініп оқыңдар Қой.

А) мәтінді оқу. ә) Түсінгендерін оқушылар мазмұндап айтып береді.

2. өлеңді мәнерлеп оқу. Қозы

Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзің деп Ж.Смақов

Дәптермен жұмыс.

32-жаттығу. Әр топтағы сөздерден сөйлем құрап жазыңдар?

1. Өріске, жайылды, мал.

2. Шөп, қозы, жеді.

3. Ішті, құлын, су.

4. Тасқа, лақ, секірді

Сергіту сәті.

VI. Жаңа материалды пысықтау. Дауысты , дауыссыз дыбыстар және олардың

түрлері туралы түсініктерін пысықтау

VII.Үйге тапсырма. Оқу 38 бет. 33-жаттығу

ҮІІІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

26.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Төлдер .Жіңішке дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мәтіндер мен өлеңдерден жіңішке дауысты

дыбыстарды табу арқылы тапсырмаларды орындату.

ә) Оқушыларды малдың төлдерімен танысу арқылы алған

білімдерін дамыту.

б) Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды

ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық, қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа

дайындау, оқу құралдарын алу

Үй тапсырмасын тексеру. –Үйге қандай тапсырма берілді?-Үйге берілген

тапсырманы кім оқып , талдап береді?

III. Мақсат қою кезеңі. -Балалар біз сіздермен дауысты дыбыстарды еске

түсірейікші?-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Жіңішке дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?

-Жуан дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?

-Кім атап береді?

IV. Жаңа сабақ.-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Төлдер», әңгімесі мен өлеңді оқи отырып, жіңішке дауысты дыбыстарды табамыз.