Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа

дайындау, оқу құралдарын алу.Тәлім сәті Әрбір ісім Оқу,

ұғу,үйрену, Әрбір сөзім Адалдық, бірлік, ынтымақ.Олай

болса сабағымызды ынтымақпен бастайық.

II.Үй тапсырмасын тексеру.Өтілген тақырыптарды пысықтау.

IІІ. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы, қандай дыбыстарды көріп тұрмыз?А,О,Ы,Ұ әріптері - Балалар атаған дыбыстарың дауысты ма, дауыссыз ба? Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?Келесі тапсырмамыз буыннан сөз құрастыру, сөздерден сөйлем құрату, жуан дауысты дыбыстарды табу.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы- қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып- ытқып жүгірді.

ІV.Жаңа сабақ.

Ж.Смақовтың «Ақ бұзау» өлеңі

Ақ бұзауым ұнайды

«Мө-мө» деп сүт сұрайды

Ақ бұзауды бағамын

Апамнан алғыс аламын.

Келеді өсіп күн санап,

Қоямын ба тұмшалап.

Тұмсығын созып қарайды,

Тілімен мұрнын жалайды.

Дәптермен жұмыс.

28-жаттығу 1. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар. 2. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды тап?

Сиыр

Мінезім жайлы –сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Сырымды менің ұғып ал:

Етім –дәмді, сүтім - бал.

29-жаттығу 1.Сөздерді оқыңдар.

Сүт, айран, қаймақ, кілегей,май,құрт, ірімшік.

Мыс: айран, құрт, ірімшік.

Оқулықпен жұмыс

Жұмбақ

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар

Бір желпуіш сияғы бар. Бұл не? (сиыр)

Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту.

VI. Жаңа материалды пысықтау. Бұзау сүтті қалай сұрайды?Тілімен нені

жалайды.Бұзаудың енесі?

VII. Бекіту. Біз бүгін қандай дыбыстарды өттік? Жуан дауысты дыбыстар

Ж.Смақовтың өлеңі не жайлы айтылған?

VIII.Үйге тапсырма. «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу

ІХ. Бағалау.

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сиыр. Жуан дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мәтінді оқыту арқылы білімдерін

қалыптастыру

ә) ауызша , жазбаша тілдерін, сөздік қорын, байланыстырып

сөйлеуін, шығармашылықтарын дамыту

б) ұқыптылыққа, жинақтылыққа және сауатты, әрі көркем

жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, тірек сызба, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа

дайындау, оқу құралдарын алу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Үйге қандай тапсырма берілді -Ақ бұзау қай малдың

төлі?Тізбектей оқимыз.

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Неге ол Ақ бұзау деп аталады?-Бұзаудың енесін не деп атайды-Сиыр-Сиырдың адамға қандай пайдасы бар-Кім жауап береді?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Балалар, дауысты жуан дыбыстарды кім маған атап береді?Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?Оның нешеуі жуан, нешеуі жіңішке?

Ү. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

30-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазып, жуан дауыстылардың астын сызыңдар.

Қырда қырау

Қызыл ала бұзау

Тауда тарғақ

Тарғыл ала торпақ.

Сергіту сәті.

VI. Жаңа материалды пысықтау. Сиыр өлеңін мәнерлеп оқып, оушыларға оқыту.

Сиыр туралы түсінік беру

Әукім,әукім сиырым,

Мүйізінің сүйірін.

Шүйгін жерге келгелі

Шығып қапты бүйірің. Қ.Мырза Әли

VII. Бекіту. Жаңылтпашты жаңылмай айт

Әй,әй, Айдарбай

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.

Мақалдар

Сиырдың сүті-тілінде

Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан

Сиырды теппейді

Сүтті төкпейді

VIII. Үйге тапсырма. 31-жаттығу. Оқу 34 бет.

ІХ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

25.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қозы. Қошақандар. Жіңішке дауыстылар.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мал төлдерінің қалай аталатыны туралы

түсінік беру.

ә) Жіңішке дауыстыларды ажырату арқылы оқушылардың

ойлау қабілеттерін дамыту

б) Сабақ барысында жазу кезінде, реттілікке, ұқыптылыққа

тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық, қой, қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер :сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.