Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

III . Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

«Құстарды жемсауытқа орналастыр» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Әр құстың артында қайталау сұрақтары жазылған.

IV. Мақсат қою кезеңі. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Қазақ алфавиті» және төрт түліктің бірі «Жылқы» малымен танысамыз.Қазақ алфавиті туралы және Жылқы малы туралы жан-жақты білетін боламыз.

V.Жаңа сабақ. Қазақ алфавиті туралы түсінік беру, көрсету.Қазақ алфавитінде 42 әріп бар.Алфавитте әрбір әріптің аты аталып, орын реті белгіленген.

Жылқы мәтінін оқып, оқушыларға түсіндіру.

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш бойға жинап күш,

Қолға қалам аламыз, әдемі етіп жазамыз.

VI . Дәптермен жұмыс жүргізу.

22-жаттығу.Алфавиттегі әріптерді ретімен оқып жаттату.Алфавитте дауыссыз дыбыс әріптерінің қалай оқылатынын айтқызу.Алфавиттегі а,е,ә әріптері арқылы оқылатын дауыссыздарды топтап айтқызу.Қай таңбалардың оқылмайтынын сұрау.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға «Жылқы» мәтінін толықтай жүргізіп оқыту.

VI .Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Сұрақ-жауап арқылы Алфавит деген не? Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар? Түйе туралы не білесіңдер? Жылқы туралы не білдік?

VII. Бекіту Сөздік диктант жаздыру.Сөздерді алфавит ретімен жазып көр.

VIII.Үйге тапсырма. Алфавитті жаттау. Жылқы мәтінін оқу. 25-жаттығу 29 бет.

ІХ.Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

23.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Боз бие. Құлыншақ.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың алфавит туралы алған білімдерін тереңдету,

мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу.Бие туралы

түсінік беру

ә) Есте сақтау, өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін

дамыту.Сөздік қорларын молайту.Оқу жылдамдықтарын

арттыру.Жазу коллиграфияларын дамыту.

б) Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, алфавит

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа

дайындау, оқу құралдарын алу

І.Үй тапсырмасын тексеру.1.Алфавитті жатқа сұрау.

2. «Жылқы» мәтіні бойынша түсінгендерін әңгімелету.

25-жаттығуды талдау.

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі«Кім шапшаң?» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру.

IV. Мақсат қою кезеңі.Біз бүгін алфавитті қалай қабылдағанымызды көрсету үшін жаттығу жұмыстарын орындаймыз.Қастек Баянбаевтың «Боз бие» өлеңімен таныс боламыз.

V. Жаңа сабақ.23-жаттығу (Тақтаға орындалады).Кісі аттарын алфавит ретімен көшіріп жаздыру.Кісі аттарының бас әріппен басталып жазылатынын түсіндіріп, есте сақтауларын ұсыну.Асылтай, Әлия,Болат,Гүлнәр, Ғалия, Дәулет, Еркебұлан, Қайрат, Ораз, Сәуле.

24-жаттығу. (ауызша орындату) .Адамдардың аты-жөндерін алфавит ретімен оқыту.

Асқарқызы, Әбішұлы, Болатұлы , Жомартұлы. Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу. Ермек Өтетілеуұлы туралы мағлұмат беру.Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, мазмұнын , түсінгендерін сұрау.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қастек Баянбаев туралы мағлұмат бере келе«Боз бие» өлеңімен таныстыру.Өлеңді мәнерлеп оқып беріп,

мазмұнын әңгімелеп беру.Өлеңді оқыту.

26-жаттығу.

Ақбоз, жирен, күрең, құла, қарагер, шабдар, торы.

VI. Жаңа материалды пысықтау.Карточкалар үлестіру, берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материалды меңгергендерін тексеру.

VII. Бекіту Сөздік диктант.Сөздерді алфавит ретімен оқыту.

VIII.Үйге тапсырма. 25-жаттығу. .«Боз бие» өлеңін жаттау 30 бет.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

24.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар

Сабақтың мақсаты: а) жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып,төрт

түлік туралы мәлімет беру және оны меңгерту.

ә) Оқушылардың сөздік қорын, танымдық қабілетін, сөйлеу

мәнерін жетілдіру , дамыту.

б) Ұйымшылдыққа, білімділікке үйрете отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.