Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа

дайындау, оқу құралдарын алу.

Үй тапсырмасын тексеру.1/Үйге берілген 19-жаттығуды талдау, қателерін тексеру.2/ Дауыссыз дыбыс әріптерін жатқа сұрау. 3/« Төлді қалай шақырады?»өлеңін мәнерлеп оқыту.

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

Оқушыларға үлестірмелі карточкалар тарату, карточкалардағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

IV. Мақсат қою кезеңі.Біздің тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар туралы түсінікті жаттығулар барысында кеңейту.Төрт түліктің бірі түйе мен оның төлі ботақан туралы білетін боласыңдар.

V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Түйе, ботақан мәтіндері арқылы әдеби мәтін тапсырмаларымен жұмыс жүргізу.Мәтіндерді оқып беру, түсіндіру.Мәтін авторы Фариза Оңғарсынова туралы мағлұмат беру.-Әкелерің мен шешелерің сендерді неліктен «Ботам», «Ботақаным» деп еркелетеді?-деп ойлайсыңдар?Сұраққа жауап алу.

Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Ең зор түлік-түйемін, Қу тышқанға алдандым,

Тікенді шөпті сүйемін. Жыл басынан құр қалдым.

Пайдалансаң, сүтім шұбат-

Дертке дауа, жанға қуат.

Дәптермен жұмыс.

20-жаттығу. Дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Жылқы кісінейді.

21-жаттығу. Сөйлемдер құрастырып жазыңдар.

Түйе боталайды, жылқы құлындайды. Сиыр бұзаулайды, қой қоздайды, ешкі лақтайды.

VI. Жаңа материалды пысықтау.

Сұрақ-жауап арқылы: 1/Дауыссыз дыбыс әріптерін атаңдар? 2/Дауысты дыбыс әріптерін атаңдар? 3/Төрт түлік туралы жеке-жеке сұрақ. 4/Түйе туралы сұрау.Ботақан деген не?

VII. Бекіту.

Сөздік диктантын жаздыру.Сөздердегі дауысты дыбыстардың астын екі рет, дауыссыз дыбыстардың астын бір рет сыздыру.

VIII. Үйге тапсырма. .Түйе, бота өлеңін мәнерлеп оқу 25-26 бет.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

22.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Жылқы.Қазақ алфавиті.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға қазақ алфавиті туралы түсінік беру.Төрт

түліктің бірі-жылқы туралы түсініктерін кеңейту.

ә) Сөйлеу тілдерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік

қорларын молайту.Оқу жылдамдықтарын дамыту.

б) Әдемі жазуға,тазалыққа, тыңдай білуге үйрету.Төрт түлікті

күте білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, алфавит, суреттер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа

дайындау, оқу құралдарын алу

II.Үй тапсырмасын тексеру.«Түйе бота» өлеңдерін оқушыларға мәнерлете

оқытып, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын

қорытындылау.