Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,

оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,

олардың назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырманы пысықтау,

ережелерді еске түсіру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Дауысты ,

дауыссыз дыбыстарды пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?- Қыстағы шопан еңбегі туралы не білеміз?

V. Жаңа сабақ-Табиғат көрінісін сипаттау.Оқулықпен жұмыс

Қыстау. Айнала қалың қар. Боран ұйытқып соғады. Алыстан ұлыған қасқырдың даусы естіледі. Иттер отарды айналып, мазасыздана үреді. Шопан ата тысқа шығып, отарды аралап келді. Ол сақтық үшін әдейілеп мылтық атты. Иесін ес тұтқан иттер шабалана үрді. Жыртқыш тағының ұлығаны енді бәсеңдей түсті. Шопан ата түні бойы көз ілмеді. Шопан ең қиын да ауыр кәсіп иесі. Ол қыстың ызғары мен ақ боранына қайыспайды. Шопан атаны нағыз батыр десе болады.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

VI. Жаңа материалды пысықтау Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс туралы түсіктерін пысықтау.Өлеңге түсінік беру. - Балалар, өлең неге Саққұлақ деп аталады?

VII. Дәптермен жұмыс. 16-жаттығу

А,ә,е,о,ө,ұ,ү,і,и,(у),ю,я,е,э.

VIII. Үйге тапсырма. Оқу 18-19 бет. Саққұлақ өлеңін жаттау

ІХ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

18.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қоян

Сабақтың мақсаты: а) Қоян туралы түсініктерін қалыптастыру.

ә) Сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, алған сөздік

қорын қалыптастыру

б) Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, қоян суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты тазалап, үйге берілген тапсырманы пысықтау.

II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.-Дауысты , дауыссыз

дыбыстарды пысықтау. Шопан еңбегі туралы әңгімелеу.

III. Мақсат қою кезеңі.- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?-

Қыстағы шопан еңбегі туралы не білеміз?

IV. Жаңа сабақ. Мәтінді оқыту.Қоян

Қыста аңдарға жем табу қиын.Түлкі қыстыгүні қоян аулайды.Түлкіге қоянды табу қиындыққа түседі.Себебі қоян қыстыгүні аппақ «тонын» киіп алады. Ол аппақ қардан аумай қалады.Содан да ол алаңсыз жайылып, бұта түбінде ұйықтай береді.

  1. басқа аңдар туралы не білесіңдер?

V. Жаңа материалды пысықтау.Өзіндік жұмыс дәптерінің №2 тапсырмасы бойынша

1 нұсқа

1. Өлеңдегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз

2-нұсқа1.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз

2.Олар қандай дыбыстар?

А) дауысты Ә) дауыссыз

3-нұсқа

1.Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жаз.

2. Мына сөздерді буынға бөліп жаз.

Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, Қызығына қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

VI. Дәптермен жұмыс. Жұмбақ шешу

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады (қоян)

VIІ. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай оқыту

VIII. Қорытынды. Аңдар туралы әңгімелеу.

ІХ. Үйге тапсырма. Оқу 21 бет. Қоян туралы әңгіме жазып келу

Х. Бағалау .

Бекітемін:_______ Ана тілі

19.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Мал атасы. Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік

беру.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге

үйрету. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік

беру.

ә) оқу жылдамдықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін

дамыту.Сөздік қорларына молайту.

б) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге

тәрбиелеу.Тәртіптілікке үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, нақыл сөздер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Пәнаралық байланыс: дүниетану