Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

III.Бекіту кезеңі : Мазмұндама.

Жоспары:

1.Қандай мезгіл?

2.Не жауып тұр?

3.Қармен ойнау?

4.Қуыршақ жасау?

5.Әдемі болып шығу

6.Көмірден жасау.

Қыс мезгілі. Далада қар жауып тұр. Балалар қармен ойнап жүр. Олар қардан қуыршақ жасады. Балалардың қолдары тоңды. Бірақ қуыршақтары әдемі болып шықты. Қуыршақтың көзі көмірден жасалды.

IV. Үйге тапсырма. Өтілген тақырыптардың ережелерін, анықтамаларын қайталап

келу.

V.Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

17.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Еңбек

Сабақтың мақсаты: а) Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін

пысықтау.

ә) Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін, есте

сақтау қабілетін қалыптастыру.

б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен

айырмашылығына қарай ажырата білуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, жұмбақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың

сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын

сабаққа аудару

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Дыбыс пен

әріп туралы сұрақтар қою.

II.Үй тапсырмасын сұрау-Балалар, үйге берілген тапсырманы қатар –қатар бойынша бір-бір оқушыдан оқып қалғанымыз тексеріп шығайық.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Еңбек

Гүл өсірсең терлеп, Сабағыңа жөндеп

Мұның аты-еңбек. Әзірленсең – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп, Қиындықтың бәрін

Мұның аты-еңбек. Еңбек қана жеңбек.

IV. Сергіту сәті.

Ойнап футбол теннисті, Мектептегі ең күшті,

Шынығамыз толамыз. Спортшылар боламыз.

V. Дәптермен жұмыс. 14-жаттығу. Сөздерді қатесіз көшіріп жазыңдар.

Құлын, жұлдыз, отын, түлкі, күрек, құрық, көлік.

15-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып жаз.

Қыс келг...нде далама, Ат жег...п ап шанама,

Қызығып тек тұрм...ймын. Аппақ қармен зырлайм...н.

VI. Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай оқыту.

VII. Суретпен жұмыс.

Оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрастыру.

VIII. Қорытынды. Дауысты дыбыстарды атаңдар?

ІХ. Үйге тапсырма. Оқу 16-17 бет.

Х. Бағалау.

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Шопан еңбегі. Саққұлақ.

Сабақтың мақсаты: а) Дауысты , дауыссыз дыбыстар туралы алған

білімдерін пысықтау

ә) Жаттығу барысында логикалық ойлау қабілетін

алған сөздік қорын қалыптастыру

б) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін

пысықтау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, шопан суреті.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану