Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,

оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,

олардың назарын сабаққа аудару.

II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Дыбыс пен

әріп туралы сұрақтар қою.

II.Үй тапсырмасын сұрау-Балалар, үйге берілген тапсырманы қатар –

қатар бойынша бір-бір оқушыдан оқып,

қалғанымыз тексеріп шығайық.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,

Тон киіндік, тоңды мал.

Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,

Боран жоқта тұман бар

Қылаулатқан қырау бар.

Қиы қатқан бұзау бар.

Ай, балалар, балалар!

Күнде оқуға жүрелік,

Үйренелік білелік.

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш бойға жинап күш.

Қолға қалам аламыз, әдемі етіп жазамыз.

IV. Дәптермен жұмыс.

Жұмбақ

Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төменге. (шана)

1 тапсырма бойынша. 1.Мәтінде неше сөйлем бар?2. Үшінші сөйлемде неше сөз бар?3. Аққала сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?2 нұсқа 1. Әр сөйлем қай сөзден басталып, қай сөзбен аяқталады? 2. Әрбір сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазып, соңына нүкте қой.

V. Қорытынды. Дыбыс дегеніміз не?

Әріп дегеніміз не?

VI.Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқу 13 бет.

Viі. Бағалау.

16.01.2013 ж. Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Торғай. Тоқылдақ . Дауысты, дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты: а) Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін пысықтау.Тоқылдақ –

орман сақшысы туралы түсінік беру.

ә) Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау

қабілетін қалыптастыру.

б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырмашылығына қарай ажырата білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін

қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, тоқылдақ, торғай суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа

дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырманы пысықтау, ережелерді еске

түсіру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өткен тақырып

бойынша білімдерін пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?- Қандай құстар жыл құстарына жатады?

V. Жаңа сабақ-Балалар, дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.Дауысты дыбыстарға нелер жатады?-Дауыссыз дыбыстарға нелер жатады?-Оқулығымызға қарайық?

11-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жазу

Торғай

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Суретке қарап әңгіме құрастыру. Торғай, жем деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.

12-жаттығу. Сөздерді қатесіз көшіріп жазу.

Суықторғай, қарға ,сауысқан, кекілік, тоқылдақ, шіл, құр, шағала, аққу.2. Сөздердегі дауысты дыбыстарды атау.

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу Тоқылдақ.

Тоқылдақ ағаш діңінде отыр.Ол тұмсығымен діңді тоқылдатады.Ағаш қабығында құрттар, көбелектер, қоңыздар бар.Тоқылдақ сол зиянды жәндіктермен қоректенеді.Олардың жерге түскенін ұсақ құстар теріп жейді.Сондықтан тоқылдақ орман емшісі деп есептеледі.

2.Тоқылдақты неліктен «орман емшісі»дейді?

3. Құстардың тағы қандай пайдасы бар?

VI. Жаңа материалды пысықтау Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс туралы түсіктерін пысықтау.

VII. Бекіту кезеңі. Жұмбақ, жаңылтпаштар .

VIII. Үйге тапсырма. Оқу 15 бет

ІХ. Бағалау.

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап,

бекіту.

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін

логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін

дамыту

б) Өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрету, таза жазуға,

түйінді сөздер жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:мазмұндама жинағы

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,