Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау-Үйге қандай тапсырма берілді?-Қысқы дайындық туралы кім, не айтады?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Мәтіндегі кейіпкерлердің іс әрекеті туралы кім не айтады?-Балалар, сөз неден құралады?-Дыбыстар мен әрпітердің ережесін кім айтады?

IV. Мақсат қою кезеңі-Балалар, қысқы табиғатты кім сипаттап береді?-Ең қызығы не?

V. Жаңа сабақ-Қазір жылдың қай мезгілі?-жақсы-Ендеше оқулықпен жұмысКітабымыздың 12 бетіндегі 9-жаттығуға қараймыз.Тапсырма бойыншасөз алдына әріп қосып жазамыз. Өзі,есті, ұрды.Ү Л Г І: өзі-сөзі,өзі сөзінің алдына қай әріп қойылды , өзің қосқан әріптің астын сыз.Дыбыс саны өзгерсе сөздің мағынасы да өзгеретінін біліп ал. Өлең Айнала күміс қар,

Енді не тұрыс бар?

Ал кеттік , балалар,

Бітпеген жұмыс бар.

Айнала ақ айдын,

Бәрі аппақ маңайдың.

Тазартып тастайық

Ауласын ағайдың

Өлеңді тізбектей отырып оқу

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

10 жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.2.Қара әріппен жазылған сөздердің жазылуын біліп алу. Сұрақтарға жауап беру 1.Дыбыс дегенді қалай түсінесің?2.Әріп дегеніміз не?Түсінгендеріңді мысал ретінде келтіріп айту.

Өлеңді мәнерлеп оқымас бұрын Ж.Аймауытовтың өмірбаянына тоқталу

Қыс

Ж.Аймауытов «Қыс»

Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,

Тон киіндік, тоңды мал.

Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,

Боран жоқта тұман бар...

Қылаулатқан қырау бар.

Қиы қатқан бұзау бар...

Қыздар қылған шұжық бар,

Қонақ айтар қызық бар.

Ай, балалар, балалар!

Күнде оқуға жүрелік,

Үйренелік , білелік.

Жұмбақ шешу.

Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. (Шана)

VI. Жаңа материалды пысықтау- Мына өлеңді тізбектеп оқып шығайық. Ж.Аймауытов туралы түсінгендерін пысықтау- Ал енді дыбыс пен әріп туарлы ережені кім пысықтап береді?

VII. Бекіту кезеңі. Жұмбақ, жаңылтпаштар .

VIII. Үйге тапсырма. Айнала күміс қар өлеңін жаттау 12 бет.

ІХ. Бағалау

14.01.2013 ж. Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Дыбыс. Әріп.

Сабақтың мақсаты: а) Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін

пысықтау.

ә) Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін, есте

сақтау қабілетін қалыптастыру.

б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен

айырамшылығына қарай ажырата білуге үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап

Көрнекілігі: оқулық, қыс мезгілінің суреті