Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

11.Сабақтың тақырыбы:Көкөністер.Жеміс-жидектер.

Сабақтың мақсаты: 1. Көкөніс,жеміс-жидектермен таныстыра отырып, қайда өсетіндігі, пайдасы туралы түсіндіру. 2. Тазалыққа үйрету , салауаттылыққа баулу

3. Дәрумендер осы жемісте екенін жете білу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.1. Оқушыларды түгендеу 2.Зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Өткен сабақты еске түсіру: -Үй жануарларының қандай түрлерін білесіңдер- Малдың пірі не?-Үй жануарларының пайдасы қандай?

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Көкөніс, жеміс-жидек туралы түсінік беру.ә) Жемістер туралы оқушылардың білетінін анықтау.-Жемістер қайда өседі?-Сендер жемістерді білесіңдер ме?

-Алма, алмұрт, шие, жүзім, қарақат,алхоры т.б.

Ү. Жаңа білімді бекіту:-Балалар, қане кім әңгімелеп береді?-Сендердің бақта қандай жемістер өседі?-Жемістерді қысқа қалай сақтайды?-Одан біз қандай пайдалы жағын қажетімізге жаратамыз?-Көкөністер қайда өседі?-Көкөністерді ата?д) Дәптермен жұмыс

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен көкөністер, жеміс-жидектер туралы білдік? Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.» ..лм..., ...р...к,

12.Сабақтың тақырыбы: Кітапхана.Оқу залы. Сөйлем.

Мақсаты: 1) оқушыларды мектеп кітапханасымен таныстыру 2) кітапханадағы оқу залындағы іс-әрекеттер туралы айта отырып, балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру. 3) балаларды оқулықтарын таза, дұрыс ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңіБалалармен амандасу, сыныпты сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеруА( өткен сабаққа шолу жасауә) менің жақсы көретін жемісім- суретін салу

ІІІ. Өткен тақырып бойынша білімін пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақ -Балалар, бүгін біз сендермен кітапханаға саяхат жасаймыз.-Балалар, кітапханада нелер бар?-Кітаптың бізге қандай пайдасы бар?Оқулықпен жұмыс

Ү. ҚорытындыБүгінгі сабақта кітапханаға серуен ұнады ма? -Біз кітапты қалай ұстауымыз керек екен?Кітапханашы апай бізге не туралы әңгімелеп берді?Сендерге ұнады ма?

ҮІ. Сабақты бекітуОқушылардың өздерін сөйлету.

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ. Бағалау

13.Сабақ тақырыбы: Отбасы.Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: 1) менің отбасым туралы әңгімелеу.

2) Отбасы мүшелері туралы айта отырып, балалардың ой- өрісін дамыту.

3) Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Балалармен амандасып, қажетті құрал жабдықтарын алғызып, сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау

ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау Жалпы қосымша сұрақтар қою.

ІҮ. Жаңа сабақ-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Отбасы» деп аталады.

- Сенің отбасыңда қанша адам бар? Отбасыңда сен нешінші баласың? Сурет бойынша әңгіме құрату. Өз отбасы туралы әңгімелеу. Сөйлем құрау, талдау Дәптермен жұмыс, жазу үлгісі дәптеріне тапсырма беру. Сергіту сәті, жаттығулар жасау

Ү. Жаңа сабақты қорыту «Менің отбасым тақырыбына әңгіме құрату»

ҮІ. Сабақты бекіту. «Менің отбасым » суретін салып бейнелеу, сипаттап айту.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау