Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

9. Сабақтың тақырыбы: Кім неден күшті?

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру. 2. Еңбек ете білуге баулу. 3. Дұрыс оқу дағдысын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау «Қожаның аты» мәтінін әңгімелеу. Мақал айту. « Бақа» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Кім неден күшті?» оқып беру. ә) Рольмен оқыту.б) Әңгімелеу. в) Сөздік диктант жазғызу: Қар, аппақ аққала мұз, шырша ойыншық. өлең тақпақ, би сыйлық аяз шана шаңғы коньки.г) Жұмбақ шешу:

Суда қалқиды Жылтырайды сайда,

Жылыда балқиды. (Мұз) Сынбайтын айна. (Мұзойнақ.)

Ақ сандығым ашылды, Жерді де мекен етеді,

Ішінен жібек шашылды. (Күн) Көлді де мекен етеді.(Бақа)

Ү. Жаңа білімді тексеру.Оқу жылдамдығын тексеру. Тақтаға сөйлем жазғызу Ең күшті не екенін айту Рольмен оқуға жаттығу Өзі қалаған кейікердің суретін салу. Дәптермен жұмыс: Өзі жатқа білетін өлеңді жатқа жазу.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта ненің күшті екенін білдік?

10. Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру. 2. Еңбек ете білуге баулу. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреті.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау«Кім неден күшті?» ертегісін әңгімелеу. Әліппеден өткен өлеңдерін жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Мақта қыз бен мысық?» оқып беру. ә) Рольмен оқыту б) Әңгімелеу. в) Ертегі кейіпкерлерін атау.

Ү. Жаңа білімді тексеру. 1) -Мақта қыз бен мысық неге келісе алмады? -Мысық пен мақта қыз бір-біріне қандай жаман іс істеді? -Мақта қыз мысыққа не істеуін талап атті? -Мысық тапсырманы орындады ма?2) Дәптермен жұмыс: Сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазу. Сиыр,ағаш,су,қыздар сағыз,дүкен, жұмыртқа тауық, тышқан, тары, мысық.3) Тақтамен жұмыс: Аққу қасиетті құс. Жұрт оларды жақсы көреді. Аққулар жүзе жөнелді. Түлкі мен үйректің ісі сәтсіз аяқталды. Қарны ашқан түлкі үйректі басалды. ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта нені білдік?

11. Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар. Жаңылтпаштар.

Сабақтың мақсаты: 1. Жұмбақтар, жаңылтпаштар туралы түсінінік беру.2. Еңбек ете білуге баулу.3 Оқушылардың ақыл- ойын дамыту,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Жаңылтпаш туралы мағлұмат беру. ә) Жаңылтпаш айтып үйрену.

Жоян қоян оянды, Кірпі, кірпі!

Қоян жоян боянды. Түрпі сырты.

жоқ

Шегіртке –акробат! Сақал, мұрты

Секіреді, қатырады-ақ Төбеден қара

Шегіртке Кірпі, кірпі,

Батыр- акробат! Жердің құрты.

Ақ қоян, сұр қоян. Түлкі күлкі іздейді,

Ақ, сұр қоян барлығы, «Айлакерміз біз!» дейді.

бір қоян Таулы , шөлейт, түз мейлі,

Түлкі, күлкі іздейді.

ІҮ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта нені білдік?