Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

89. Сабақтың тақырыбы: ч дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. ч дыбысы мен әрпін таныту. 2 Салауаттылыққа баулу . 3.Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Ц дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-Ц әрпіне қатысты сөздер жазғызу.

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Кіріспе әңгіме. ә) Чемпион, Чемпионат чек сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасауб) ч әрпін бөліп алып дыбыстау. в) Әріп таңбасымен таныстыру.г) Баған түрінде жазылған сөздерді хормен оқыту. д) «Болашақ чемпиондар» өлеңін жаттату.

Ү. Жаңа білімді бекіту.е) Дәптермен жұмыс: ч әрпін жазып үйрену.

ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру. 1) Өлең оқып беру. 2) «Чемпион» мәтінін оқыту.

Көру диктанты монтёр шахтёр, щётка ащы тұщы, борщ, щи, аэроплан.Цех, цирк, цемент,авиация, офицер.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау

90. Сабақтың тақырыбы: ь белгісі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жіңішкелік белгісімен таныстыру. 2. Жіңішкелік белгісі дыбысталмайтынын ұқтыру.3. Е дыбысы мен әрпі.Тазалыққа баулу .Дұрыс оқу дағдысын арттыру

Сабақтың көрнекілігі мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Ч дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-Ч әрпіне қатысты сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Кіріспе әңгіме. Балалар, біз сендермен барлық дыбыс,Әріпті оқып біттік. Енді біз сендермен әңгіме ,ертегі жаңылтпаш, жұмбақ оқып аталарымыздыңәр түрлі шығармаларын өзіміз оқи алатын болдық.ә) Ь белгісімен таныстыру. б) Ол кейбір дыбыстарды дұрыс жіңішке етіп айтуға көмегін тигізеді. Мысалы: лагерь, рояль, альбом коньки. д) «Болашақ чемпиондар» өлеңін жаттату.

Ү .Жаңа білімді бекіту.1) Хормен оқыту. Лагерь,альбом,фильм,, конки ,рояль ,циркуль ,рельс ,компьютер. 2) «Лагерь» мәтін құрау.3) «Лагерь жыры» өлеңін жаттау. 4) Дәптермен жұмыс: ь белгісін жазып үйрену.5) Тақтамен жұмыс: сөз, сөйлем жазу. Көру диктантын жазу.Лагерь.альбом, рельс, компьютер

ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: -Біз бүгін немен таныстық? -Ь белгісі дыбыстала ма? -Оны не үшін қолданамыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау

91. Сабақтың тақырыбы: ъ белгісі.

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларды айыру белгісімен таныстыру. айыру белгісі дыбысталмайтынын ұқтыру. 2. Тазалыққа баулу 3.Дұрыс оқу дағдысын арттыру

Сабақтың көрнекілігі мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Кіріспе әңгіме. Біздің үй (мәтін) оқып, ъ дыбысының ролін түсіндіру.

Ү .Жаңа білімді бекіту.1) Хормен оқыту. Ъ жуандық белгісі. Ешқандай дыбыстың таңбасы емес. Дауыссыз дыбыспен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде қазақ тілінде, орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: разъезд, подъезд,Подъезд сөзіне дыбыстық талдау жасату.2) Оқулықпен жұмыс: а) Разъезд, подъезд сөздерін дұрыс оқытып жаттықтыру.

ә) «Біздің үй» мәтінін оқып беру.1.Іштей оқыту. 2.Дауыстап оқыту. 3.Әңгімелету. 4.Сұраққа жауап алу.Сергіту сәтін өткізу.4) Дәптермен жұмыс: Ъ белгісін жазып үйрену. 5) Тақтамен жұмыс: сөз, сөйлем жазу.Көру диктантын жазу. лагерь. альбом, рельс, компьютер.подъезд,разъезд.

ҮІ Сабақты қорытындылау: -Біз бүгін немен таныстық? -ъ белгісі дыбыстала ма? -Оны не үшін қолданамыз?

92. Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1 Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.Разъезд, подъезд, съезд сөздерін тақтаға жазу

ІІІ. Білімді тексеру.1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән ұранымен таныстыру. Авторларын білу. 2.Бір шумағын жаттату.

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Қайталау1. Жұмабақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру

Әсетте жоқ, Көлде бар, Жазуда бар, Маусымда бар,

Әселде бар. Сайда жоқ. Сызуда жоқ. Мамырда жоқ.

Әкетте жоқ, Төлде бар, Жылуда бар, Қауырсында бар,

Әкелде бар. Тайда жоқ. Қызуда жоқ. Қамырда жоқ.

(Л) (Ө) (Ж) (С)

2. Л,Ө,Ж,С, дыбыстары қандай дыбыстар?

3. Қазанда бар, Шкафта бар, Алмада жоқ, Шайнекте бар,

Қақпақта жоқ. Түймеде жоқ. Қиярда бар. Құманда жоқ.

Өзенде бар, Жирафта бар, Пайда да жоқ, Әйнекте бар,

Батпақта жоқ. Күймеде жоқ. Зиянда бар. Тұманда жоқ.

(З) (Ф) (Я) (Й)

4. З, Ф, Я, Й қандай дыбыстар? Й қандай дыбыстан кейін жазылады?

Я дыбысы қандай екі дыбыстың орнына дыбысталады? 5. Жаңылтпаш айту.

Ақ лағым семіз,

Ала лағым сегіз .

Ала лағым да семіз,

Ақ пағым да семіз.

6) Дәптермен жұмыс: Лл Өө Жж Зз сс Фф Яя и әріптерін дұрыс жаз.Ландыш, өрік ,жидек, қаз,сағат, ферма, тақия, айна.

Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?