Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

80. Сабақтың тақырыбы Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1 Бұрынғы сабақтан алған мәліметтерді тереңдету. 2. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3.Білімдегі олқылықты жою, жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру. Жер-су аттары қалай жазылады?Дауысты дыбыстар: Дауыссыз дыбыстар: Сөздік диктант.Аян,Саян, Баянауыл, Әмудария, Данияр, Еркін, Қапшағай.Сөздерді буынға бөлгізу. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау: Сергіту сәтіТақтамен жұмыс: 1.Дауысты дыбыстардың астын сыз.2.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз. 3. Жеке оқушымен жұмыс: Әдеби кітапшалар оқыту.4. Дәптермен жұмыс:

ІҮ. Бекіту кезеңі:Дыбыс, буын дегеніміз не? Сөз. Сөйлем .Сөздегі буын саны қай дыбысқа байланысты?

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтадық.

81.Сабақтың тақырыбы: х дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Х дыбысы мен әрпін таныту. 2. Адамгаршілік тәрбие беру. 3. Оқу жылдамдығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Х әрпіне қатысты суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Ю дыбысы қандай екі дыбыстан тұрады? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.«Жарыс» мәтінін әңгімелету.

ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Хат туралы кіріспе әңгіме ә) Буындық талдау жасату. б) Х дыбысын дыбыстап қандай дыбыс еекенін анықтау. в) әрпімен таныстыру. г) Әрбір сөздің мағынасын ашу.

д) «Кітапхана» мәтінін оқытып, неше сөйлемнен құрылғанын анықтау.

Ү. Жаңа білімді бекіту. а) Бүгін біз сендермен х әрпімен таныстық.Бұл орыс тілінен енген әріп. Х дауыссыз дыбыс. г) Диктант жазғызу: жарыс, мәре, аю, ара.ою, қою,тою, сою, түю,кию,үю.

Ү ү М м Г г Я я Т т К к Ю ю Дәптермен жұмыс: Х әрпін жазып үйрену. Тақтамен жұмыс:Аңдар жарыса жөнелді. Менің әжем сырмақ сырды. Аралар аюды талай бастады. Аю тез жүгірді. Құлагер бәйгеден озып келді.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық.

82. Сабақтың тақырыбы: h дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: һ дыбыс бойынша оқушыларға білімдерін пысықтау. ә)өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін дамыту.б)һ дыбысы бойынша білімдерін пысықтай отырып , әріпті дұрыс жазуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы пысықтау, сұрақтар қою.

ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру.өтілетін һ дыбысы сөздің басында, соңында келмейді.Ол сөздің ортасында ғана кездесді.

ІҮ. Жаңа сабақҺ дауыссыз дыбыс.Суретке қарайықшы ол кім? Ол -батыр, қаһарман. Осы сөз һ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Гау һар жи һаз қа һар қа һар ман Мәтін

Қаһарман. Қазақ халқы батыр халық, қаһарман халық.ОныңҚабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты батырлары , Әлия мен Мәншүк сынды қаһарман қыздары көп болған.Қазіргі кезде де еліміздің қаһарман ұлдары мен қыздары аз емес.Сергіту сәті

Ү. Жаңа сабақты бекіту кезеңіДәптермен жұмыс. Қаһарман мәтінін талдау.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Һ дыбысы бойынша сөздерге мысал келтіру.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау