Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

74.Сабақтың тақырыбы: г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Г әріпін дұрыс оқуға, дыбыстауға жаттықтыру. 2.Зерек етіп тәрбиелеу. 3.Білімін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер .

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.93 бетті оқыту. Г қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады? «Ақ көгершін» жатқа айту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.а) Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту. ә) «Ақан сері» мәтіні неше сөйлемнен құралғанын, мазмұнын түсіндіруб) Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.

терек-терегі ілгек-ілгегі жәшік- жәшігі

білек-білегі етек-етегі шелек-шелегі

Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа білімді тексеру.1. Г әрпіне сөз ойлау. 2 Ақан сері кім? 3 Құлагер кімнің тұлпары?4 Ақанның бүркітінің аты не? 5 Ақан не туралы ән шығарды?

ҮІ. Жаңа білімді пысықтау. Дәптермен жұмыс: Г г әрпіне қатысты сөздерді жазып үйрену.

Сөздік диктант: Егін, егіз, семіз, сағыз. тамыз, шеге, неге, гүл, жүгері, бәйге.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма.Бағалау

75.Сабақтың тақырыбы Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1 Бұрынғы сабақтан алған мәліметтерді тереңдету. 2 Ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3.Білімдегі олқылықты жою, жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.А)Сөздік диктант. б) Сөздерді буынға бөлгізу. ғ) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау:Сергіту сәтіТақтамен жұмыс: 1.Дауысты дыбыстардың астын сыз.2.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.3. Жеке оқушымен жұмыс: Әдеби кітапшалар оқыту. 4. Дәптермен жұмыс:

ІҮ. Бекіту кезеңі:Дыбыс. Буын дегеніміз не? Сөз Сөйлем Сөздегі буын саны қай дыбысқа байланысты?

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтадық.

76. Сабақтың тақырыбы: я дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Я дыбысы мен әрпі туралы, оның и, а естілгенімен я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып, білімдерін қалыптастыру ә) оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын дамыту. б) я дыбысының жазылуымен айтылуына мән бере отырып, дұрыс жазуға үйрету.

Сабақта пайдаланылатын көрнекілік: кеспе суреттер

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, ойын

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы сұрақ қою арқылы пысықтау

ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтауӨтілген тақырыптар бойынша қосымша сұрақтар қоя отырып, білімдерін пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақОқулықпен жұмыс А яқ қо ян қи яр а яз та қи я Та яқ ша ян пи яз са яз да ри я Мәтін Ұя

Ұя жасап тақтайдан, Талға апарып байладым

Жыл құсының шаттанған Күттім қаша сайрауын

Сол ұяны талғады, Қараторғай мекендеп.

Күні бойы сайрады, Жайлы пәтер екен деп

Өлеңді талдату.Сергіту сәті

Ү.Жаңа сабақты бекітуӨтілген Я дыбысы мен әрпі бойынша сұрақтар қою. Я дыбысына келетінсөздерге мысал келтір.Сондағы Я дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?Дәптермен жұмыс

ҮІІ. Сабақты қорытыныдлау- Ұяны неден жасайды? - Бұл сөзде Я дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау