Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

71. Сабақтың тақырыбы: ү дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ү дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. 2.Ұқыптылыққа баулу. 3.Сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.Малдың төлдерін ата. Бөпешім өлеңін жатқа айт.Дауыстап оқыту. Ө қандай дыбыс?Жуан дауысты дыбыстарды ата.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.а) Суреттегі құстың аты не? Үкі, үйрек сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату.Үй құстарын атаңдар. Ү-ү-ү дыбыстату. ү қандай дыбыс екен?Ү әріп таңбасымен таныстыру: Баспа түрі-Үү, Жазбаша түрі- Үүә) Ү дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу.б) Ү-ні қай буыннан естіп тұрмыз? ү-кі кү-ріш түл-кі жү-рек үй-рек кү-міс күл-кі кү-рек үй-шік кү-шік түй-ме жү-зік

Сергіту сәтін өткізу. в) «Ойлан тап» ойынын ойнату. Жұмбақ шешу.

Шарлап келіп даланы, Табаны суды сүйеді,

Үйіме үйін салады. (қарлығаш.) Қабағы күнге күйеді. (күріш)

Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс. (Жүгері) г) Тақтамен жұмыс: Жеке сөздер жазғызу д) Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен теныстық?

72. Сабақтың тақырыбы: ү дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ү әріпінен танып оқуға жаттықтыру. Ойын дұрыс айта білу. 2.Байқағыш етіп тәрбиелеу. Қоғамдық мүлікті сақтауға тәрбиелеу.

3. Өткен сабақтан алған білімді нығайта түсу.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

Көру диктантын жазғызу.Үү (бір жолға) Үзік,үкі,үстел, үлпілдек, үшкір. Үкі түнде ұшады.

ІІІ. Білімді тексеру.

а)Тізбектей оқыту. ә) Жеке оқыту

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ.а) Кезекші туралы кіріспе әңгіме айту ә) Сынып ішінің тазалығына көңіл бөлу

б) Кім кінәлі мәтінін оқыту. (рольмен) в) Күй атасы –Құрманғазы туралы мағлұмат беру.

ҮІ. Жаңа білімді тексеру.

-Ү дыбысы қандай дыбыс? -Қай буында жазылады? -Ү дыбысына сөз ойла

Сергіту сәтін өткізу. «Шынжыр» ойынын ойнату. Үміт текемет телефон нан нар радио орман . т. б.

ҮІІ. Жаңа білімді бекіту: Тақтамен жұмыс: Жеке сөздер жазғызу: Қолғанат, дүние,Үсенбек,Үміт,Елемес, Күміс ұйқы үйреткен, сүңгуір,аққу, түлкі,темір, мұз, құмырсқа, күшті, мерген, мектеп, жүрек, күрек, күміс, түйме, үйшік,

д) Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Сабақта нені білдік?

73. Сабақтың тақырыбы: г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: а) Г дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.ә) оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын, логикалық ойын дамыту б) Г дыбысы мен әрпінің жазылу ережесін сақтай отырып,таза жазуға үйрету.

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, ойын

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: магнитафон, кеспе сандар Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен мамандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы пысықтау

ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтауӨтілген таұырыптар бойынша білімдерін пысықтау.

ІҮ. Жаңа сабақТақтаға көңіл аударайық. Бұл суреттер нені білдіреді?

Осы сөздерді Г дыбысына келетін сөздерге мысал келтірейіке гін е гіз ке ре ге ше ге шең геле геу се гіз бе те ге не ге мез гіл

Ақ көгершін (мәтін, музыкамен айту)

Үнтаспада «Ақ көгершін » әнін орындату.

Ү. Жаңа сабақты бекітуГ дыбысы мен әрпіне келетін сөздерге мысалдар келтіру. Дәптермен жұмыс

ҮІ. Сабақты қорыту. Сөздік диктантын жүргізу.

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ. Бағалау