Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

67.Сабақтың тақырыбы: и дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 И әрпін сөз ішінде оқуға, жазуға үйрету , білімін тиянақтау.

2. Табиғатты қорғауға баулу. 3.И әрпі туралы алған білімін кеңейте түсу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер қалтасы

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ.Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -И қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?Сөздік диктанты: Ит, ине,ши, би,ай, шай, май, той, қой.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ. а) Баған түрінде жазылған сөздерді хормен оқыту. ә) «Итмұрын» мәтінін оқи отырып. мазмұнын әңгімелету.в) Ителгі сөзіне, буындық, дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті:Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.»

Ү. Білімді пысықтау. г) Буын --- сөз --- сөйлем --- мәтін Сөйлем неше сөзден құралған?

Итмұрын орманда, тауда болады. Ол адамға шипалы.ғ) Тақтаға сөздер жазып жаттығу. Ирек, сирек, киік, биік, кимешек.имек, иман,

д) Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

Балаларға өз аттарын жазғызу.Никита, Дина. Айгерім. Шыңғыс, Мейіржан, Айбек,Асиа, Жадыра, Динара, Нұртілеу, Елжас,Нұрдана, Бегнар.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?

68.Сабақтың тақырыбы: з дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. З дыбысы және әрпімен таныстыру. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 2. Көркем етіп жазуға үйрету. 3. Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру. 1)И дыбысы қандай дыбыс? 2) Сөздің қай жерінде, қай дыбыстан кейін жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Зығыр, зырылдауық сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.ә) « З» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату. б) З-ның әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-З з Жазба түрі-Ззв) Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.таза зығыр жалбыз қобыз тазы қызыл қарбыз, тоғыз қозы, қымыз ,жұлдыз,сызғыш.г) Баған түрінде берілген сөздерде з дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын анықтау

Ү. Жаңа білімді бекіту. 1. Мәтінді тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап әдісімен мазмұнына түсінік беру. 3.Әңгімелету.Сергіту сәті:4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену.5.Тақтамен жұмыс:

Ауа таза. Еркін мұз айдынына барды. Ол сырғанақ тепті.. З дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін қандай әріппен таныстық.?

69. Сабақтың тақырыбы: з дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. З әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға, сөзді , сөйлемді дұрыс жазуға баулу. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 2. Салауаттылыққа баулу. 3 Алған білім-білік дағыдысын шыңдай түсу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру:1) З дыбысы қандай дыбыс? 2) Сөздің қай жерінде жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ.Өткен сабақты пысықтау З әрпіне байланысты берілген сөздерді, мәтінді оқыту.

Ү. Білімді тексеру. 1. Зығыр қайда өседі? 2.Зығырдан не алынады? 3. Әңгімелету.

ҮІ. Жаңа сабақ:1. «Мұз айдыны» мәтінін оқыту. 2. Сұраққа жауап алу

ҮІІ. Жаңа білімді тексеру.Алматы маңында қандай мұз айдыны бар? Ол қай таудың баурайында орналасқан? Зада мен Зере қайда барды?Сергіту сәті. 4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену. Буын диктантын жазғызу.-зы,- қар,- ғыр,-жал,-жұл,- быз, -дыз,- уық,- рыл,- ғыш, -са,- сыз,- ғыз.

ҮІІІ. Сабақты қортындылау: -Біз қандай дыбыстың әріп таңбасымен таныстық? -З қандай дыбыс?-З сөздің қай буындарында жазылады?