Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

63. Сабақтың тақырыбы: ә дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ә дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.Жазылу ерекшеліктеріне мән беру.Ұқыптылыққа , зеректілікке баулу. Оқушының білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.Балалар , біз сендермен неше дауысты , неше дауысты дыбыс өттік? Мысал келтіріп көрейікші.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

-Бүгінгі өтетініміз дауысты дыбыс, Ә әрпі

ІҮ. Жаңа сабақӘ әрпін хормен айтқызу. -Оқулықтағы суретке қарап әңгіме құрап көрейікші.

-Тақырыбын не деп аламыз? -Әже мен немере. – жақсы -Олар не істеп отыр? Әңгіме, ертегі айтып

отыр. Мәтін. Әже. Оқып беру.

Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.Өздеріңнің әжелерің туралы әңгімелеп беріп көр.

ҮІ. Білімді бекіту. Дәптермен жұмыс: Әә әрпін жазып үйрену

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Әже дегенде Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

64. Сабақтың тақырыбы: ә дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Өтілген Ә дыбысын сөз ішінде, жеке дұрыс дыбыстап, дұрыс оқуға жаттықтыру. 2.Ұқыптылыққы , зеректілікке баулу. Оқушының білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Ә дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.а) Хормен оқыту.дәптер тәулік дәрі әріп әскер тәртіп жәшік мәсі әйнек әпкеә) Әліппе өлеңін жаттату.

Іші толы әріпке, Мынау-әйбат Әліппе

Барлық ілім- білімнің, Әжесі- осы Әліппе.

б) Заттың жекеше, көпше түрімен таныстыру. Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Әнші-әншілер дәптер-дәптерлер Әпке-әпкелер әріп-әріптер

в) Үш жақта айту.

Менің дәптерім қаламым

Сенің дәптерің қаламың

Оның дәптері. қаламы.

ҮІ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру1.Ә әрпіне қатысты сөйлем ойлату. 2.Оқушы, бала, мұғалім сөздерін көпше түрде айтқызу. 3.Не? Нелер? сұрағына мысал айтқызу.3. Кітап сөзін үш жақта айту.

ҮІІ. Білімді бекіту. Дәптермен жұмыс: Әә әрпін жазып үйрену, әже,дәптер, әке, әріп.

ҮІІІ.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Әдепті бала сөзіне түсінік беру

66. Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 И әрпі мен дыбысы туралы түсінік беру 2. Оқушылардың сөздік қорын , есте сақтауын дамыту. 3.И дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіре отырып, И дыбысын дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі кеспе суреттер

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.а) оқулықтағы суретке қарайық, сөйлем құрайық. Ит пен тиін -Бұл жылдың қай мезгілі?Ит ине иек киік тиын тиек Кит инелік шие киім тиін жиека) «Ит» мәтінін оқи отырып, мазмұнын әңгімелету.б) Жұмбақ шешу. Тікұшақтан аумайды Маса ,шыбын аулайды.(инелік)

в) Инелік сөзіне, буындық, дыбыстық талдау жасау. Сергіту сәті:Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.»

Ү. Білімді пысықтау. Ит – адамның досы деп неге айтамыз?

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік? Қандай әріп туралы білдік?