Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ертегілерін бейнелейміз

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре

отырып, суреттің салыну жолдарын үйрету

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, қазақ ертегілері суреттері.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп,

зейіндерін, ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Достық » тақырыбы бойынша

салған суреттерін тексеріп, үй жұмысын

қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Қазақ халқында ержүрек батырлар көп болған. Өздерің де қазақ батырлары мен сұлу арулары туралы ертегілерден оқыған боларсыңдар. Саған қазақ ертегілері мен батырларының ішінен қайсысы ұнайды? Кез келген ертегінің нобайын жаса. Жұмыс істейтін материалдарды дайындап ал. Түрлі түсті фломастермен, қарындаш, акварель немесе гуашь бояуларымен сурет салуыңа болады. Сондай – ақ ермексаздан қызықты панно, коллаж не монотипия жасай аламыз.

ІҮ. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Ү. Өзіндік жұмыс.

Өздері қалаған суреттерін салу

ҮІ. Қорытынды. Қазіргі қазақ әйелдері костюмдерінің ұлттық

киімдерден айырмашылығы неде?

ҮІІ. Үйге тапсырма. Қазақ ертегісін бейнелеу 104-105 бет

ҮІІІ. Бағалау

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Көрме ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: 1.Жыл бойы үйренгенді қайталау

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

3. Оқушылардың ой-өрістерін дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі:оқулық, түрлі-түсті суреттер

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Қайталау. Сен нені үйрендің?

1.Сурет салуды

2.Акварельді қолдануды

3.Анималистік өнерді

4.Басты негізгі түстерді ажыратуды

5.Гуашь қолдануды

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

ІІІ. Сұрақтар

1.Пейзаж дегеніміз не?

2.Анималист суретші деген кім?

3.Сенің үйіңде қандай үй жануарлары бар?

4.Портретші дегеніміз кім?

5.Монотипия деген не?

ІҮ. Қорытынды.

Ү. Үйге тапсырма. Қайталау

ҮІ. Бағалау.