Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Монотипия жасап үйренеміз

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре

отырып, монотипияның жасалу жолдарын үйрету

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, жануар, құстардың суреттері.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп,

зейіндерін, ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Піл мен түйе » тақырыбы бойынша

салған суреттерін тексеріп, үй жұмысын

қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Монотипия тәсілімен үй жануарларының бейнесін жасап көр.

Монотипия-әйнек пен қатырма қағаз бетіндегі суреттің бастырып алынатын көшірмесі.

Мына суреттер де монотипия тәсілімен орындалған. Бұл өте еліктіргіш тәсіл-бір бояу дағынан бірнеше әр түрлі бейнелер шығаруға болады. Ол үшін қағаз бетіне түрлі түсті дақ пайда болғанша бояуларды жағамыз. Монотипия тәсілімен оның көшірмесін аламыз.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

ІҮ. Өзіндік жұмыс.

Әр түрлі суреттерді бейнелеу

Ү. Қорытынды. 1. Монотипия дегеніміз не?

2.Сурет салуда қалай пайдаланамыз?

ҮІ. Үйге тапсырма. Қоян суретін бейнелеу

ҮІІ. Бағалау

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Аппликация жасап үйренейік

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре

отырып, аппликацияның жасалу жолдарын үйрету

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, табиғат суреттері.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп,

зейіндерін, ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қоян » тақырыбы бойынша

салған суреттерін тексеріп, үй жұмысын

қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Егер сен әр түрлі пішіндерді қағаз не мата бетіне желіммен жапсыру арқылы бір заттың бейнесін жасаумен айналыссаң, бұл жұмысың аппликация деп аталады. Аппликация техникасында жұмыс істеу үшін саған қайшы, желім және көптеген түрлі түсті қағаз қажет болады. Алдымен долбар сурет салып алып, соған қарап түсті қағаздан бөліктерін қиып аласың. Алғаш бастағанда бір бейнелі композиция орындаған дұрыс. Ол суретіңді декорациялауды ұмытпа, сонда шығармаң тартымды болып шығады. Аппликациялау үшін кез келген пішінді қайшымен қиып немесе қолмен жыртып алуға болады. Шеттері тегіс емес қиындыдан қисық сызықтар шығады.

ІҮ. Өзіндік жұмыс.

Ү. Қорытынды. Ескі журнал қиындыларынан аппликация жасаңдар?

Аппликация дегеніміз не?

ҮІ. Үйге тапсырма. Достық туралы сурет салу

ҮІІ. Бағалау.