Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Анималист деп кімді айтады?

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре

отырып, берілген суреттерді әңгімелеуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп,

зейіндерін, ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Адам портретін бейнелеу » тақырыбы

бойынша салған суреттерін тексеріп, үй

жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Жануарлардың суретін салатын суретшіні анималист-суретші деп атайды. Ең алғашқы анималист-суретші- алғашқы қауым адамы. Ол жануарлардың суретін жартастарға, тастарға бейнелеген. Мына мүйізі қарағайдай бұғының суретін ертедегі суретші бұдан мыңдаған жылдар бұрын тасқа салған. Бұл көне сурет осы заманға дейін сақталғандықтан, біз де оны тамашалай аламыз. Қазақстанның жануарлар әлемі өте бай әрі алуан түрлі. Кең дала төсінде, таулар мен ормандарда сан түрлі жануарлар тіршілік етеді.

ІҮ. Өзіндік жұмыс.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

Ү. Қорытынды. 1.Қандай жануарларды ұнатасың?

2.Олардың қайсысын көрдіңдер?

ҮІ. Үйге тапсырма. Елік суретін бейнелеу 90-91 бет

ҮІІ. Бағалау

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Жануарлармен танысайық.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре

отырып, олардың ұқсастықтары мен

айырмашылықтарын айыра білуге дағдыландыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, жануар, құстардың суреттері.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп,

зейіндерін, ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Елік суретін бейнелеу бейнелеу »

тақырыбы бойынша салған суреттерін

тексеріп, үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Әр жануардың дене бітімі мен сыртқы түрінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, керіктің мойны қозғалуға икемді және өте ұзын, ал басы кішкентай, жолрбарыс пен зебраның терісі жолақ. Кейбір жануарлардың құлақтары ебедейсіз үлкен немесе ұзын болып келеді. Жақсы анималист – суретші болу үшін жануарларды тек жақсы көріп қана қоймай, сонымен қатар байқағыш болу қажет және олар туралы көп оқып білуің керек. Әрқайсысының дене құрылысын зерттеп, мінез –құлқын, қимыл – қозғалысын бақылау қажет.

ІҮ. Өзіндік жұмыс.

Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, Терезеге қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

Ү. Қорытынды. Аң мен құстың қандай айырмашылығы бар?

Дене құрылысында қандай да бір ерекшеліктері бар

жануарларды ата?

ҮІ. Үйге тапсырма. «Піл мен түйе» суретін салу 92-97 бет

ҮІІ. Бағалау