Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт дегеніміз не? Натюрморттың көңіл күйі

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре

отырып, берілген суреттерді әңгімелеуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, түрлі ыдыстар .

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп,

зейіндерін, ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Табиғатты бейнелеу » тақырыбы

бойынша салған суреттерін тексеріп, үй

жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Адамдар көбінесе айналасындағы заттардың әсемдігін байқамайды. Ал суретші олардың сұлулығын өзі ғана байқап қоймай, басқалардың да оған назарын аударып, сұлулығына тамсануға мүмкіндік береді. Суретші қозғалмайтын, жансыз денелерді бейнелеп натюрморт құрастырады.

Суретші мақсатының бірі – натюрмортта белгілі бір көңіл күйді бейнелеу. Кез келген картина сияқты натюрморт та мерекелік, көңілді немесе мұңлы бола алады.

ІҮ. Өзіндік жұмыс.

Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, Терезеге қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

Ү. Қорытынды. 1. Қандай заттардан натюрморт құрастыруға болады?

2.Гүл шоқтарының көңіл күйлері қандай?

ҮІ. Үйге тапсырма. Шоқ гүлдерді бейнелеу 82 бет.

ҮІІ. Бағалау

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Портрет дегеніміз не? Адам бетінің ерекшеліктері

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре

отырып, берілген суреттерді әңгімелеуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, портреттер

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп,

зейіндерін, ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Шоқ гүлдерді бейнелеу » тақырыбы

бойынша салған суреттерін тексеріп, үй

жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Кейбір балалар жануарлардың, тағы біреуі табиғаттың, ал үшіншісі ата-анасының немесе достарының суретін салуды ұнатады. Есіңде сақта, адамдарды бейнелейтін суретшіні портретші деп, ал оның шығармасын портрет деп атайды. Портрет өнері мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген. Өйткені адамның бет әлпетін бейнелеу жанға жайлы жағымды іс болғандығынан шығар. Көне портреттерден біз ертедегі адамдар жайлы мағлұмат ала аламыз. Егер портретші-суретшілер болмаса көптеген әйгілі адамдардың түрлерін елестете алмас едік. Ерте заманда фотоаппарат деген болмаған ғой.

ІҮ. Өзіндік жұмыс

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

Ү. Қорытынды. 1.Суретті анықтап қараңдар?

2.Қандай өзгешелік байқадыңдар?

ҮІ. Үйге тапсырма. Адам портретін бейнелеу 84-87 бет

ҮІІ. Бағалау