Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Мүсін деген не?

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре

отырып, берілген суреттерді әңгімелеуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, түрлі құралдар .

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп,

зейіндерін, ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Жайдары жаз » тақырыбы бойынша

салған суреттерін тексеріп, үй жұмысын

қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Егер сен саз балшықтан немесе ермексаздан түрлі денелер сомдап, ағаштан қызықты бұйымдар жасауды ұнатсаң, сені мүсінші деп атауға болады. Ал сенің жасаған бұйымдарыңды мүсін деп атайды.

Мүсін бейнелеу өнерінде ерекше орын алады. Сен бояу немесе қарындаштармен сурет салғанда жазық қағаз парағын қолданасың. Онда бейнеленген суреттерді тек бір жағынан ғана көруге болады. Ал ермексаздан жасалған денені жан жағынан айналдырып қарай аламыз. Себебі оның көлемі бар.

Өз бетімен жұмыс. Салыстыру.

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

ІҮ. Қорытынды. Ермексаздан қандай фигуралар жасауға болады?

Сенің туған қалаңа қандай мүсіндер сән беріп тұр?

Олар неден сомдалған?

Ү. Үйге тапсырма. Мүсіндерді бейнелеу 72 бет.

ҮІ. Бағалау.

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Пейзаж деген не?

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре

отырып, берілген суреттерді әңгімелеуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, жыл мезгілдерінің суреті .

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп,

зейіндерін, ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Мүсінді бейнелеу » тақырыбы бойынша

салған суреттерін тексеріп, үй жұмысын

қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Егер сен өз суретіңде табиғатты, даланы, өзенді, тау мен теңізді, орманды, алыстағы елдерді бейнелеген болсаң, онда сені пейзажшы –суретші деп атауға болады. Ал сенің шығармаң пейзаж деп аталады.

Пейзажды салып үйрену үшін табиғат аясында жиі болған дұрыс. Жан жағыңда болып жатқан өзгерістерге назар аударып, көңілге тоқи білу керек. Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Бізде теңіздер, өзендер мен көлдер, биік таулар мен ормандар бар. Ұшы қиырсыз дала мен шөлдер көктемде алуан түрлі гүлдерден кілем жамылады.

Өз бетімен жұмыс.

ІҮ. Сергіту сәті

Ойнап футбол, теннисті, Мектептегі ең күшті,

Шынығамыз толамыз. Спортшылар боламыз

Ү. Қорытынды. Пейзаж дегеніміз не?

Қандай суреттерді пейзаж деуге болады?

ҮІІ. Үйге тапсырма. Табиғатты бейнелеу 74-75 бет.

ҮІІІ. Бағалау.