Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

V. Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

VІ. Қорытынды. 1.Өрнек дегеніміз не?

2.Жолақты өрнекпен қандай бұйымдарды әшекейлеуге болады?

VII. Үйге тапсырма. Шаршы өрнегін бейнелеу. 54-55 бет.

VIII. Бағалау. Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Сәндік – қолданбалы өнер дегеніміз не?

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре отырып,

сәндік – қолданбалы өнер шығармаларын атап, әңгімелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, ыдыс– аяқ түрлері, түрлі құралдар .

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін,

ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Шаршы өрнегін бейнелеу тақырыбы бойынша салған

суреттерін тексеріп, үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Ертедегі адамдар аса зерек, байқағыш болған. Олардың суреттері өте әсерлі және ең маңызды оқиғалар туралы сыр шертеді. Ертедегі суретші өзі үшін ең қадірлі, маңызы зор заттарды–баспанасын, ыдысын, киімін, қаруын өрнектермен әшекейлеген. Олар тұрмыстық құрал–жабдықтарын түрлі белгілермен әшекейлеу арқылы өзін зұлым күштерден қорғаймын деп сенген. Суретшінің қолымен жасалған, әшекейленген, декорацияланған әр түрлі тұрмыстық бұйымдар сәндік –қолданбалы өнер шығармасы деп аталады.

IV. Өзіндік жұмыс.

Айналадағы заттарды, қыш ыдыстарды бейнелеу.

V. Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, 1,2,3,4 деп санаймын,

Балапандар жүр шулап. Қызығына қараймын.

VІ. Қорытынды. 1. Сәндік – қолданбалы өнер дегеніміз не?

2.Оларға қандай заттарды жатқызуға болады?

VII. Үйге тапсырма. Құмыраны бейнелеу 56-57 бет.

VIII. Бағалау. Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық сәндік – қолданбалы өнері.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре отырып,

қазақтың ұлттық сәндік – қолданбалы өнер шығармаларын атап,

әңгімелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, ою– өрнек түрлері, түрлі құралдар .

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін,

ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Құмыраны бейнелеу» тақырыбы бойынша салған

суреттерін тексеріп, үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Әрбір халық өз сәндік–қолданбалы өнерін мақтан етеді. Қазақ халқы да өз қолөнерімен мақтана алады. Көздің жауын алатын киіз және тоқыма кілемдер, зергерлік әшекейлер, киімдер, қару – жарақ, тері мен ағаштан жасалған ыдыстар. Осылардың барлығы қазақ шеберлерінің ісмер қолдарынан шыққан. Қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнерінде киіз үйдің алатын орны ерекше. Киіз үй – көшпенді қазақтардың жиналмалы баспанасы. Киіз үйдің ішкі жабдықтары – қазақ халқының қолөнер көрмесі.