Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты: 1.Жыл бойы үйренгенді қайталау

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

3. Оқушылардың ой-өрістерін дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі:оқулық, түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Қайталау. Сен нені үйрендің?

1.Сурет салуды 6.Тігуді

2.Қиюды 7.Модельдеуді

3.Бүктеуді 8.Кесуді

4.Құрастыруды 9.Кептіруді

5.Желім жағуды 10.Мүсіндеуді

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

ІІІ. Сұрақтар

1.Аппликация дегеніміз не?

2.Ермексаз қандай материал?

3.Желім қандай зат?

4.Қайшы қандай құрал?

5.Құрал жабдықтар не үшін керек?

ІҮ. Қорытынды.

Ү. Үйге тапсырма. Қайталау

ҮІ. Бағалау.

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Декорациялау. Табиғат жасаған өрнектер

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре отырып, әр түрлі

өрнектерді бейнелеуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, табиғи материалдар.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін,

ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасн тексеру. Өтілген тақырыптарға толықтай шолу жүргізіп,

сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Суретші кез келген затты әшекейлейді, оны декорациялау деп атайды. Декорациялаудағы ең маңызды бөлшек өрнек болып табылады. Сызықтар мен пішіндерді пайдаланып, алуан түрлі қызықты өрнектер құрастырады.

Табиғат жасаған өрнектер.

Табиғаттың өзі-ең шебер әшекейлеуші суретші. Оған мына көбелектердің қанатына қарап көз жеткізуге болады. Қыста өрнектерді қырау басқан терезелерден көре аласың. Сондай-ақ өсімдіктер де өрнектерге негіз бола алады.

ІV. Сергіту сәті.

1,2,3- қарлығаш болып ұш. 7,8,9, 10-қарлығаш болып қон.

4,5,6- қарлығаш болып қалқы.

V. Өзіндік жұмыс.

Кілемдерді, матаны, жихаздарды әшекейлеу.

VI. Қорытынды. Декорациялау дегеніміз не?

VIІ. Үйге тапсырма. Ғимараттарды әшекейлеу 52-53 бет.

VIІІ. Б а ғ а л а у.

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек құрастыру

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіре отырып,

геометриялық пішіндерден ою-өрнектер құрастыруды үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, ою-өрнек түрлері .

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін,

ынта- жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Ғимараттарды әшекейлеу тақырыбы бойынша салған

суреттерін тексеріп, үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Өрнектерді немесе түрлі фигуралар мен сызықтарды белгілі тәртіппен орналастырып, қарапайым ою-өрнек құрастырады. Ою-өрнек-бұл бөлшектерді белгілі арақашықтықта қайталап орналастыру арқылы құрастырылған нақыш. Ою-өрнек бөлшектері бірінен соң бірі тізіліп орналасса, онда жолақты өрнек шығады. Шаршы мен шеңбердің ішіне де өрнек салуға болады. Ондағы бөлщектер де қайталанып отырады. Түрлі түсті қағаздан геометриялық ою-өрнек құрастыру үшін қағаздан қажетті мөлшерде әр түрлі геометриялық фигуралар қиып аламыз.

IV. Өзіндік жұмыс.

Әдемілеп ою-өрнектерді бейнелеу.