Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы : Әр түрлі пішінді қағаздан мозайка жасау.

Сабақтың мақсаты:1.Қағазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен

таныстыру.

2.Желіммен жұмыс істеуге үйрету

3. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі қағаздар, желім

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін,

ынта-жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен біріктіруге болады.Желімді қағазға қыл қаламмен жағады.Заттың бөліктерін желімдеуге желімдегіш қарындаш, ПВА желімін пайдалануға болады.

1.Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.

2.Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.

3.Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.

Еңбек қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.

1.Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.

2.Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ

болуын қадағалаңдар.

3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.

Сергіту сәті.

1,2,3- қарлығаш болып ұш. 7,8,9, 10-қарлығаш болып қон.

4,5,6- қарлығаш болып қалқы.

ІҮ. Өзіндік жұмыс.

1-6 суреттер бойынша күшіктің суретін құрастыру.

Ү. Қорытынды. 1.Үйіңде күшік бар ма?

2.Қағаздан қандай күшік жасайсың?

3.Оны қалай атайсың?

ҮІ. Үйге тапсырма. Күшік мозайкасын жасау 82-83 бет.

ҮІІ. Бағалау.

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Техникалық құрастыру.

Сабақтың мақсаты: 1.Техникалық құрастыру әдіс-тәсілімен

таныстыру.

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

3. Оқушылардың ой-өрістерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі:оқулық, түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақа) Техникалық құрастыру туралы түсіндіру.

Техникалық құрастыру дегеніміз жеке бөліктерді бір-біріне біріктіру арқылы әр түрлі бұйымдар жасау.Құрастыру бөліктері қағаздан, ағаштан, пластмассадан, металдан немесе керамикадан жасалады. Олардың бөліктерінен алуан түрлі құрылымдар құрастыруға болады.

Құрал-саймандар: Қажетті бөлшектер.

Бұрауыш Қоспа

Кілт Қайырма

Тістеуік Бүкпе

Бұранда және бұрама.

ә) Үлгі бойынша құрастыру.

1) Тіреуіштің жоғарғы жағын бұранда мен бұраманың көмегімен бүкпеге бекітіңдер.

2) Тіреуіштің төменгі жағын да бұранда мен бұрама арқылы бекітіңдер. 3) Үлкен және кіші қайырма мен бір қоспадан орындық құрастырыңдар. 4) Бұранда мен бұраманы пайдаланып, оларды бекітіңдер.

Сергіту сәті

Ойнап футбол, теннисті, Мектептегі ең күшті,

Шынығамыз толамыз. Спортшылар боламыз

Өз бетімен жұмыс.

Үлгі бойынша өздерің арба құрастырып көріңдер.

ІҮ. Білімді бекіту. Әткеншек құрастыруға қажетті құралдарды ата?

Әткеншек бөлшектерін атап шық?

Ү.Үйге тапсырма. Үлгіге қарап әткеншек құрастыру.

ҮІ.Сабақты қорытындылау.Бүгінгі сабақта не жасауды үйрендік?

ҮІІ. Бағалау.