Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

58. Сабақтың тақырыбы: к дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 К дыбысы, әрпі туралы білім деңгейін кеңейту. К дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету .2. Салауаттылыққа баулу . 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -К дыбысы қандай дыбыс?-Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант жазғызу. кесе, шеге, кеме, сен, сен, ол, кеше.

ІІІ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Сөздерді хормен оқыту. ә) Мәтінді оқыту,мазмұнына түсінік беру.

Мәтін қанша сөйлемнен құралған? б) Спортпен шұғылдану, шынығу адамға пайдалы екенін айту. Отыр, жатыр сөзіне түсінік беру.

Ү. Жаңа білімді тексеру.-Мектеп жанында не бар еді? -Онда нелер болды? -Жақында не болды?

ҮІ. Білімді бекіту.К дыбысына қатысты сөздер жазу: кел, кет,кек,кес,кесте

Сергіту сәті:

Бір, екі, ұш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жаздайық

Дәптермен жұмыс: Е е әрпін жазып жатттығу. Кебеже, кептер, текемет, еңбек.

ҮІ.Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабақта не істедік?

59. Сабақтың тақырыбы: к дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 К дыбысы, әрпі мен таныстыру. К дыбысының дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 2.Ұқыптылыққа баулу 3.Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Е дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабаққа дайындық: а) Кел ,балалар ойнайық , Ойнайық та ойлайық Қандай жұмбақ болса да , Шешпей оны қоймайық!

1. Көреді бәрін өзгенің, 2. Дегендей ешкім тимесін,

Көре алмайды өздерін. (Көз) Алыптып қадап инесін. (кірпі)

3. Қызықтап күнде сен Суретін көресің,

Оқисың одан сен, Әріптің төресін.

Ертегі, өлеңді. (Кітап)

ә) «Кітап» өлең оқып беру.

Жақсылықты жақтаймыз, Елімізде атақты Оқы, кітап

Әріптерді жаттаймыз. Ғалым ата не тапты, Оқы тыңда.

Кітаппенен дос болып, Бәрін-бәрін білесің, Шығарар ол,

Сенімдерді ақтаймыз. Оқи берсең кітапты. Биік шыңға.

Ү. Жаңа сабақ.-Кітап оқу үшін нені жақсы білуіміз керек? -Әріптерді . -Қандай әріптерді оқи

білеміз?1. Суреттегі заттардың атын атаңдар.2.Кітап, көйлек, көбелек, кие кереге сөздеріне

буындық дыбыстық талдау жасау.3. К әрпін жеке дыбыстату. 4. К-нің дауыссыз екенін аңғарту.

Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.»

Ү .Білімді бекіту. Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту, жеке оқыту . Сөйлем құрату. Дәптермен жұмыс:

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық?

60. Сабақтың тақырыбы: і дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 І дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру. Сөздерді тұтас оқуға машықтандыру. 2 Ұқыптылыққа баулу. . 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) -І дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант жазғызу. І і іші,ішік,ін, іс,ыс, тыс,тіс,іні,ірі, ыдыс.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабақ: а) Кім? сұрағына жауап беруге үйрету. ( мамандығы бойынша) ә) Мәтінді оқыту, мазмұнына түсінік беру. «Ін» Мәтін қанша сөйлемнен құралған?б) Өлең жолдарын оқып беріп, сөз ішіндегі і әрпін тапқызу.

Іргебай інген іздеген,

Ілгері кетті ізбенен.в) Іргебай, ілгері, інген сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

Ү. Жаңа білімді тексеру.1.-Аңдар қайда мекендейді? -Борсық пен суыр не істейді? -Қоректерін қайда сақтайды?2. Ы,і дыбыстары бар сөздерді топтау.

Ыдыс ішік Тыс тіс

Ыс іс Ынта тіл

Ырыс ілгіш Айырмашылығы қандай?

ҮІ. Білімді бекіту..І дыбысына қатысты сөздер жазу. Суретші, етікші, мұғалім, кесіртке,кекілік, елік.Ойын: «Қай әріпті жоғалттым» т...л, т...с, т...к, ...р..., к...с..., ...н... .Сергіту сәті:Дәптермен жұмыс: тіл, тіс, із, ін, і, І .

ҮІІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?