Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

5. Сабақтың тақырыбы: Күн режимі.

Сабақтың мақсаты 1. Күн режимі. Тамақтану мерзімі туралы түсінік беру.

2. Салауаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті бойына сіңіру. 3. Сана сезімін ояту,ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Өткенді еске түсіру.Уақыт, мезгіл туралы.

ІІІ .Жаңа сабақ:а) 12-беттегі сурет бойынша әңгіме.ә) 13 бет. Қыз баланың бір күнгі іс-әрекеті туралы айтып беремін.б) Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды атату.

Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды дұрыс пайдалануға үйрету.Таза ауаның денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру.в) Оқушыларды мектеп асханасымен таныстыру. Дастархан басында өзін-өзі ұстау. Мәдениетті, тазалықты сақтау.Тағамдардың құндылығы .оны талғаммен пайдалану туралы түсінік беремін.

Сергіту сәті.

Бір, екі үш Бір,екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

д) Әдептілік және әдемілік кітапшасынан «Дастархан басында»әңгімесін оқып беру.е) Дәптермен жұмыс: Қоңырау, алмұрт, алма сөзіне сөйлем құрату. Сыртын қоршап сызу.

Сабақты қорытындылау: Біз бүгін сендермен нені білдік?

6.Сабақтың тақырыбы: Менің бос уақытым.

Сабақтың мақсаты: 1. Бос уақыт туралы түсіндіру. 2 Еңбекке баулу

3 Оқуға деген ынта жігерін арттыру, еңбекке деген қызығушулығын ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Өткенді еске түсіру.-Сендер мектепке қай уақытта келесіңдер?-Сабақ қашан бітеді?

-Таңертең, түс, кеш сөздері арқылы біз нені білеміз?

ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа білімді меңгерту: -Енді бүгін боса уақатымыз жайлы әгімелесіп көрейік.Сендер бос уақыттарыңда не істейсіндер?

Ү Оқулықпен жұмыс: (сурет бойынша әңгіме.)-Балаларға ат қойғызу.-Айнұр, Асхат-Айнұр мен Асхат бос уақытында не істеді?- Әсем мен Айша не істеді?-Ернат ше?-Айбек бос уақытында немен айналысады екен?

ҮІ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.

Балалар, бүгін біз бос уақытымызды қалай өткізетінімізді айтып көрейікші.

Өздерің бос уақыттарың жайлы айтып беріңдер?

ҮІ І.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта нені білдік?

7. Сабақтың тақырыбы: Көшеде жүру тәртібі:

Сабақтың мақсаты: 1. Көшеде жүру тәртібі, жолда жүру, қөлік аттарымен

таныстыру. 2. Адамгаршілік тәрбие беру. 3. Қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстай білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1. Оқушыларды түгендеу 2. Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Бос уақытты қалай өткіземіз? (әңгімелеу)

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Үйден мектепке келу жолын әңгімелеп, қанша жол қиылысынан өтетінін айту.ә) Бағдаршаммен таныстыру.б) Көшеден өткенде арнайы жолақшамен сызылған жерінен өту керектігін айту.в) Жер асты жолы метромен таныстыру.Сергіту сәтін өткізуг) Сөздерді буынға бөлу.

Ме-тро сөзін буынға бөлу. Ме-2 дыбыс бар. М+е тро-3 дыбыс бар т+р+о

Дауысты дыбыстар: е,о.Дауыссыз дыбыстар:м,т,р.

Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.Ва-гон (талдау)д)

Көліктермен таныстыру.1 Ұшақ, тікұшақ- әуе жолы көлігі.2 Кеме, қайық су көліктері.

3 Машина, автобус, трамвай, троллейбус жеңіл машиналар жерде жүретін көліктер.

Ү. Жаңа білімді бекіту:-Бағдаршамның неше көзі бар?-Қызыл көзі нені білдіреді?-Сары және жасыл көзі нені білдіреді?

ҮІ Сабақты қорытындылау: Міне,балалар біз сендермен жол ережесімен таныстық.